13 қыркүйекте Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр жауып, жел күшейеді - ауа райы болжамы

АСТАНА. 12 қыркүйек. ҚазАқпарат - Атмосфералық ағымдардың өтуіне байланысты 13 қыркүйекте Қазақстанның басым аумағында ауа райы тұрақсыз болады, кей жерлерде жаңбыр жауып, жел күшейеді, деп хабарлады Қазгидрометке сілтеме жасай отырып ҚР ТЖМ-нің баспасөз қызметі.

13 қыркүйекте Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр жауып, жел күшейеді - ауа райы болжамы

Республиканың батысы мен оңтүстігінде күн райы антициклонның ықпалында болады. Ақмола, Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Ақтөбе, Қостанай, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, күндіз Солтүстік Қазақстан, Павлодар облыстарында кей жерлерде 15-22 м/с жылдамдықпен жел соғады.

Түнде Ақтөбе, Қостанай және Қарағанды облыстарында жекелеген жерлерде 0-2 градусқа дейін күн суытады. Республиканың оңтүстік және оңтүстік-шығысында төтенше жоғары өрт қаупі сақталады.

Алдағы тәуліктерде республиканың оңтүстік-шығыс және шығысындағы таулы өзендерде су деңгейінің ауытқушылығы байқалады.