13 қыркүйекте өтетін маңызды шаралар аңдатпасы

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «ҚазАқпарат» Халықаралық ақпарат агенттігі 13 қыркүйек күні елордада өтетін маңызды шаралар аңдатпасын ұсынады.

13 қыркүйекте өтетін маңызды шаралар аңдатпасы

НҰР-СҰЛТАН

10.00-де Бейбітшілік және келісім сарайында ҚР Парламенті Сенатының төрағасы, Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VII Съезд Хатшылығының меңгерушісі Мәулен Әшімбаевтың төрағалығымен Съезд Хатшылығының ХХ отырысы өтеді.

10.00-де Үкімет үйінде кезекті Үкімет отырысы өтеді. Күн тәртібінде Қазақстан Республикасының 2022 жылғы қаңтар-тамыз айларындағы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындысы және республикалық бюджеттің атқарылуы, «Цифрландыру, ғылым және инновациялар есебінен серпіліс» ұлттық жобасын іске асыру барысы қаралады.

11.00-де ҚР Сыртқы істер министрлігінде «Жаңа Қазақстан шетелдік БАҚ көзімен» 7-ші байқауының жеңімпаздарын салтанатты марапаттау рәсімі өтеді.

14.00-те RIXOS PRESIDENT қонақ үйінде «Жаһандық сын-тегеуріндер кезіндегі азық-түлік контрафактілерін анықтаудағы жасанды интеллект» халықаралық конференциясы өтеді.

16.00-де «Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығы» республикалық мемлекеттік мекемесінде Мысыр Араб Республикасы Әл-Азхар жанындағы Ислам зерттеулер Академиясының Бас хатшысы, профессор, доктор Назир Мұхаммед Мұхаммед әл-Назир Аяд және Қазақстан Республикасының Египет Араб Республикасындағы Төтенше және Өкілетті елшісі Қайрат Лама Шарифтің қатысуымен Мысырдан арнайы әкелінген қолжазбалар жинағының тұсаукесері өтеді.

19.00-де Жас көрермендердің музыкалық театрында «Дүние ғапыл» метафизикалық драмасы көрсетіледі.

19.30-да «Барыс Арена» мұз сарайында «Барыс» және Челябі қаласынан келген «Трактор» хоккей клубтарының матчы өтеді.






Фото: www.istockphoto.com