13 мамыр. Тұлғалар туған күн

Бүгін, 13 мамыр күні тұлғалардан кімдер дүниеге келген? Kazinform оқырмандарына есімдер күнтізбесін ұсынады.

туған күн
Фото: Kazinform

ЕСІМДЕР

61 жыл бұрын (1963) Қазақстанның мемлекет қайраткері Ералы Лұқпанұлы ТОҒЖАНОВ дүниеге келді.

ТУГЖАНОВ Ералы Лукпанович
Фото: Виктор Федюнин/ Kazinform

Батыс Қазақстан облысында туған. 1988 жылы Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін бітірді.

1988 -1991 жылдары Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің Мемлекет және құқық теориясы мен тарихы кафедрасының оқытушысы болды. 1991-1994 жылдары ҚР Ғылым академиясының Мемлекет және құқық институтының аспиранты, 1994-1996 жылдары ҚР Ғылым академиясы Мемлекет және құқық институтының ғылыми қызметкері, 1996 -1997 жылдары Қазақ гуманитарлық-заң университетінің аға оқытушысы, Мемлекеттік қызмет және халықаралық құқық факультеті деканының орынбасары, 1997 -1999 жылдары Қазақ гуманитарлық-заң университетінің Халықаралық құқық факультетінің деканы, 1999-2001 жылдары Қазақ гуманитарлық-заң университетінің Астана қаласындағы филиалының директоры, Құқық және мемлекеттік қызмет институтының директоры болып қызмет атқарды. 2001-2006 жылдары Қарағанды облысы әкімінің орынбасары, 2006 - 2008 жылдары ҚР Әділет министрлігінің Дін істері комитетінің төрағасы болып қызмет атқарды. 2008-2017 жылдары ҚР Президентінің өкімімен Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары – ҚР Президенті Әкімшілігінің Қазақстан халқы Ассамблеясы Хатшылығының меңгерушісі болды. 2017-2019 жылдары – Маңғыстау облысының әкімі, 2019-2020 жылдары Қазақстан Кәсіподақтар федерациясының төрағасы, 2020-2022 жылдары ҚР премьер-министрінің орынбасары, 2022-2023 жылдары Ақтөбе облысының әкімі лауазымын атқарған.

ІІ дәрежелі «Достық» орденімен, «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл», «Ерен еңбегі үшін» медальдарімен марапатталған.

47 жыл бұрын (1977) Орал қаласының әкімі Мейіржан Мұнайдарұлы САТҚАНОВ дүниеге келді.

 САТКАНОВ Миржан Мунайдарович
Фото: Орал қаласының әкімдігі

Орал қаласында туған. Түркияның Докуз Ейлул университетін қаржы мамандығы бойынша тәмамдаған.

Еңбек жолы: 2001 жылы Орал қаласының қаржы бөлімінің жетекші маманы, 2001-2002 жылдары БҚО кәсіпкерлікті қолдау және дамыту департаментінің бас маманы, БҚО кәсіпке 2002-2004 жылдары Кәсіпкерлікті қолдау және дамыту департаментінің бөлім бастығы, 2004-2005 жылдары БҚО кәсіпкерлікті қолдау және дамыту басқармасы бастығының орынбасары, 2005 жылы БҚО Кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының бөлім бастығы, 2005-2006 жылдары БҚО Кәсіпкерлік және өнеркәсіп департаменті директорының орынбасары, 2006-2010 жылдары «Қазақстан Халық банкінің жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ-ның БҚО филиалы директорының орынбасары қызметін атқарған. 2010-2011 жылдары БҚО Кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы бастығының орынбасары, 2011-2012 жылдары «БҚО кәсіпкерлер қауымдастығы» ЗТБ атқарушы директоры, 2012-2013 жылдары БҚО Кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы бастығының орынбасары, 2013 жылы БҚО Кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы басшысының орынбасары, 2015-2017 жылдары ШҚО кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасының басшысы, 2017-2018 жылдары «БҚО жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» ММ басшысы, 2018-2019 жылдары БҚО әкімнің кәсіпкерлік мәселелер жөніндегі орынбасары, 2019-2022 жылдары Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданының әкімі қызметін атқарған.

Қазіргі қызметінде 2022 жылғы сәуірден бастап.

45 жыл бұрын (1979) ҚР Конституциялық соты төрағасының орынбасары Бақыт Маратұлы НҰРМҰХАНОВ дүниеге келді.

НУРМУХАНОВ Бакыт Маратович
Фото: ҚР Конституциялық Соты

Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданы Қалжыр ауылында туған. Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша бітірді.

Еңбек жолын Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінің қылмыстық құқық және қылмыстық процесс кафедрасында оқытушылықтан бастады. 2003 жылдың мамыр айынан Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесінде: құқық бөлімінің консультанты, құқықтық қамтамасыз ету бөлімінің бас консультанты, бас сарапшы, бас консультант, құқықтық сараптама бөлімі талдау секторының меңгерушісі, Төрағаның кеңесшісі. 2008-2017 жылдары негізгі қызметімен қоса Еуропа Кеңесінің «Құқық арқылы демократия үшін» Венеция комиссиясының байланыс бойынша офицері функцияларын атқарды. 2017-2022 жылдары ҚР Конституциялық Кеңес аппаратының басшысы.

2023 жылдың қаңтар айынан бастап қазіргі қызметінде.

«Ерен еңбегі үшін» медалымен, «Қазақстан Конституциясына 10 жыл», «Қазақстан халқы Ассамблеясына 20 жыл» және «Қазақстан Конституциясына 20 жыл» мерекелік медалдарымен марапатталған.