13 МАМЫР. ҚАЗАҚПАРАТ КҮНТІЗБЕСІ: АТАУЛЫ КҮНДЕР, ОҚИҒАЛАР, ЕСІМДЕР

АСТАНА. 13 мамыр. ҚазАқпарат - ҚазАқпарат өз оқырмандарына 2012 жылғы 13 мамырға арналған күнтізбені ұсынады.
None
None

13 мамыр, ЖЕКСЕНБІ

Ресей Федерациясындағы Қара теңіз флоты мерекесі (Севастополь салына бастаған күннен бастау алды). Севастопольде Ресей Қара теңіз флотының құрылуына орай салтанатты шаралар өтеді. Артиллериялық бухтаның жағасында Қара теңіз флотын құрушылардың бірі - адмирал Федот Клокачевтің құрметіне ескерткіш орнатылды.  Ресейдің оңтүстігіндегі флоттың және оның басты базасы - Севастополь теңіз қорғанының құрылуы Клокачевтің есімімен байланысты.

Бразилиядағы Претос Велхос фестивалі. 1888 жылы Бразилияда құлдықты жою туралы заң қабылданды. Әкесі- императордың Еуропада сапарда жүргенін пайдаланып, ханшайым-регентша Изабелла заңға императорлық санкция қойды. Екі күннен кейін құлдықтағы барлық адамды босату туралы декрет қабылданды.  

Беларусь Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасының және Мемлекеттік Туының күні. 1995 жылдан бастап жыл сайын мамыр айының екінші жексенбісінде атап өтіледі.

Францияда Жанна Д'Арк-ты еске алу күні.  Мамыр айының екінші жексенбісінде атап өтіледі.

Ана күні. Жүз жылдық тарихы бар аса жарқын мейрамдардың бірі. Жыл сайын мамыр айының екінші жексенбісінде Еуропаның көптеген елдерінде, АҚШ-та, Канадада, Қытай мен Жапонияда атап өтіледі. Бұл күні балалар өз аналарын асқан мейірімділіктері, қамқорлықтары мен махабаттары үшін мерекелерімен құттықтайды. 

ЕСТЕ ҚАЛАР ОҚИҒАЛАР

10 жыл бұрын (2002) Қазақстан Ядролық жеткізімшілер тобының 40-шы мүшесі болып қабылданды.

108 жыл бұрын (1904) қазақтың ұлы ғалымы, ағартушы, шығыстанушы, тарихшы, этнолог, географ, фольклортанушы Ш.Уәлихановтың еңбектері алғаш рет жарияланды.

20 жыл бұрын (1992) Қазақстан Республикасы мен Финляндия Республикасы арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастарды бекіту туралы келісім жасалды.

5 жыл бұрын (2007) Санкт-Петербор қаласындағы «Невский пяточок» мемориалында соғыс жылдары қырғын ұрыс болған жерде «Память және Слава» атты интернационалды саябақтың ашылу салтанатты өтті.

Ұлы Отан соғысы жылдары Ленинград шайқасындағы қорғаушылардың құрметіне саябақта 60 стелла орнатылған, оның ішінде қазақстандықтарда бар. Стеллалардағы жазулар әр ұлттың өз тiлiнде жазылған.

3 жыл бұрын (2009) Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Корея Республикасының жоғары мемлекеттік наградасы - «Мугунхва» (Мәңгі гүлдеген раушангүл) орденімен марапатталды.

Қазақстан мен Кореяның достық байланыстарының дамуына зор үлес қосқаны үшін өз кезегінде Президент Ли Мён Бак Қазақстанның жоғары мемлекеттік наградасы «Алтын Қыран» орденімен марапатталды.

3 жыл бұрын (2009) Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан Республикасының Үкіметі, Ресей Федерациясының Үкіметі және Түрікменстанның Үкіметі арасындағы Каспий жағалауы газ құбырын салудағы ынтымақтастық туралы келісімді ратификациялау туралы» Заңға қол қойды.

ЕСІМДЕР

64 жыл бұрын (1948) ұстаз, Қазақстанда алғашқы қимыл-қозғалыс функциялары бұзылған, сүйеу-қозғалыс аппараттарымен қозғалатын мүгедек балаларды оқытатын экспериментальды мамандандырылған мектепті ұйымдастырушы әрі директоры ШАҚШАҚБАЕВ Шамиль Тауфикұлы дүниеге келді.

Солтүстік Қазақстан облысында туған. Петропавл педагогикалық институтының жаратылыстану-география факультетін бітірген. 1989 жылы Шақшақбаев негізін қалаған мектепте мүгедек балалардың құқығы Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясы қабылдаған Халықаралық конвенцияға сәйкес толық жүзеге асырылған. 2002 жылы АҚШ Мемлекеттік департаментінің шақыртуымен «Меридиан» бағдарламасы бойынша барлық категориялы мүгедектердің өмір сүру жағдайымен танысқан. Шақшақбаевтың мүгедек балалардың құқығын, абыройын сақтау және оқыту жүйесіне жоғары баға берілген. Оның бастамасы мен тәжірбиесі 2001 жылы Алматыда Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияда, 2003 жылы Петропавлда Республикалық семинарда қолдау тапқан. Шақшақбаев туралы биографиялық повесть ТМД және алыс шет елдердің газет, журналдарында жалпы таралымы 4 миллион данамен жарияланған. 2002 жылы Шақшақбаев «Қазақстан Республикасының  тәуелсіздігіне 10 жыл» мерейтойлық медалімен, 2003 жылы «Қазақстан Республикасы білім беру құрметті қызметкері» төс белгісімен марапатталған. Оның «Социальная адаптация, реабилитация детей-сирот с поражением функции опорно-двигательного аппарата и сохраненным интеллектом» атты еңбегі жарық көрген.

83 жыл бұрын (1929) металлург, техника ғылымының докторы, профессор, Қазақстан Ұлттық ғылым академиясының академигі, Қазақстанның еңбек сіңірген ғылым қайраткері ОМАРОВ Әшім Құрамбайұлы дүниеге келді.

Оңтүстік Қазақстан облысының Төле би ауданында туған. Мәскеу болат және қорытпалар институтын, КСРО Ғылым академиясы Металлургия институтының аспирантурасын бітірген. 1953-1957 жылдары - Өзбек металлургия зауытының инженері. 1960-1961 жылдары - Өзбекстан Ғылым академиясының аға ғылыми қызметкері. 1961-1968 жылдары - Қазақ химия-технология институтының проректоры, кафедра меңгерушісі. 1968-1984 жылдары - Қазақ политехникалық институтының ректоры. 1984-1993 жылдары Шымкент  педагогикалық институтының ректоры қызметн атқарған. 1993 жылдан Қазақ ұлттық техникалық университетінің профессоры, 1994 жылдан Чукуров университетінің (Адана қаласы, Түркия) профессоры.

Ғалымның негізгі ғылыми еңбектері компонентті қорытпалардың фазалық құрамы мен құрылымын зерттеуге, болат қорыту технологиясын жетілдірудің теориялық және тәжірибелік мәселелеріне арналған. 220 ғылыми еңбектің, оның ішінде 9 монография мен оқу құралының, 18 авторлық куәліктің, 9 патенттің авторы.

«Құрмет», «Қазан төңкерісі», «Еңбек Қызыл Ту» ордендерімен, медальдармен марапатталған.

77 жыл бұрын (1935-1993) ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты, Солтүстік Қазақстан меринос қойларының жаңа тұқымын өндірушілердің бірі ӘШІМБЕТОВ Кемер Қожахметұлы дүниеге келді.

Павлодар облысында туған. Алматы зооветеринарлық институтын (Қазақ Ұлттық аграрлық университеті) бітірген.

Павлодар облысы Железинка ауданы Советтік Қазақстан кеңшарының бас зоотехнигі, Лебяжі ауданы ХХІІІ партсъезд кеңшарының директоры, Павлодар облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы мал шаруашылығы және мал тұқымын асылдандыру бөлімінің бастығы, облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы бастығының орынбасары, Павлодар совхоз-техникумының директоры, Шарбақты аудандық атқару комитетінің төрағасы, Павлодар аудандық партия комитетінің бірінші хатшысы, Павлодар облыстық партия комитетінің екінші хатшысы, еңбекшілер шаруашылығы қауымдастығының төрағасы, «Тұранбанк» облыстық басқармасының ауыл шаруашылығы бөлімінің бастығы қызметтерін атқарған.

«Еңбек Қызыл Ту», үш мәрте «Құрмет белгісі» ордендерімен және медальдармен марапатталған.

47 жыл бұрын (1965) заң ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасының Құрметті судьясы ӘБДІРАЙЫМОВ Бақытжан Жарылқасымұлы дүниеге келді.

Жамбыл облысының Қаратау қаласында туған. С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін (әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті) және оның аспирантурасын, «Тұран» университетін, Мемлекет және заң институтының докторантурасын бітірген.

1992-1995 жылдары - Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Жоғары Төрелік Сотының кеңесшісі, Жоғары Төрелік Сотының судьясы. 1995-2002 жылдары - Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының судьясы. 2002-2006 жылдары - Парламент өкілінің жетекшісі. 2006-2007 жылдары - Қазақстан Республикасы Парламент Сенаты Аппараттының жетекшісі. 2007-2008 жылдары Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты жанындағы сот әкімшілігі комитетінің төрағасы қызметтерін атқарған. Л.М.Гумилев атындағы Еуразия университетінің ректоры болып қызмет етті.

Ол «Қазақстан Республикасының жер процесіндегі заңдылықты қамтамасыз етудің құқықтық тетігі», «Қазақстан Республикасының заңнамасы бойынша экологиялық зиянды өтеу», «Қазақстан Республикасындағы жер процесі», «Жер дауларын шешудің процессуалдық ерекшеліктері» атты монографиялардың және 20-дан астам жер, аграрлық және экологиялық заңнамалардың аграрлық мәселелері бойынша оқу-тәжірибелік және ғылыми-әдістемелік оқулықтардың авторы.

«Құрмет» орденімен, «Үш би», «Қазақстан Республикасының Құрметті судьясы» белгілерімен марапатталған.

76 жыл бұрын (1936) жазушы, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, халықаралық «Алаш» сыйлығының лауреаты ҚҰМАРОВА Шәрбану Мұхитқызы дүниеге келді.

Алматы облысының Есік қаласында туған. Қазақ мемлекеттік университетін бітірген. «Социалистік Қазақстан» газетінде, Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің Кинематография жөніндегі мемлекеттік комитетінде, «Мәдениет және тұрмыс» журналында, Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрында, «Жазушы» баспасында жұмыс істеген. Содан бергі уақытта «Терезелер», «Сәуірдің ақ таңы», «Әйел шырағы», «Қызыл қайың» атты әңгіме-повестер жинағы, «Құлжа жолы» повесі, «Қазбауыр бұлттар» роман-толғауы, «Сезім патшалығы» романы жарық көрген. Шығармалары басқа тілдерге аударылған. Есік қаласында қаламгер атындағы көше бар.

Құрмет орденімен марапатталған.

71 жыл бұрын (1941) медицина ғылымының докторы ТӨЛЕУОВ Асылбек Ермағанбетұлы дүниеге келді.

Ақтөбе облысында туған. Ақтөбе медицина институтын бітірген. Алматы, Мәскеу қалаларындағы Онкология институттарында ординатор қызметін атқарған. Ақтөбе медицина институтының ассистенті, онкология кафедрасының доценті, кафедра меңгерушісі, клиника жөніндегі проректоры болған. 8 жаңашыл ұсыныстың, үш өнертабыстың авторы. Оның 75 ғылыми еңбегі және «Өңеш рагін емдеу», «Асқазан рагін жедел емдеу» атты кітаптары жарық көрген.

49 жыл бұрын Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары, ҚР Президенті Әкімшілігі Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі - ТОҒЖАНОВ Ералы Лұқпанұлы дүниеге кледі. 1963 жылы 13 мамырда Орал облысының Ақжайық ауданындағы Шағатай ауылында туған. Қарағанды мемлекеттік университетінің заң факультетін бітірген (1988), құқықтанушы. Заң ғылымдарының кандидаты (1995). Кандидаттық диссертациясының тақырыбы: «Сібір қазақтары облысын басқару және Ресейдің Шығыс саясатындағы оның орны (1822-1868)». 1980 жылдан - Орал облысы Ақжайық ауданы Октябрь орман шаруашылығының жұмысшысы. 1981 жылдан - Кеңес Әскерінің қатарында қызметте. 1983 жылдан - Қарағанды мемлекеттік университетінің студенті, 1988 жылдан - мемлекет пен құқықтың теориясы және тарихы кафедрасының оқытушысы. 1991 жылдан - ҚР ГА Мемлекет және құқық институтының аспиранты, ғылыми қызметкері. 1996 жылдан- Қазақ мемлекеттік заң университеті мемлекеттік қызмет жене халықаралық құқық факультетінің деканы. 1999 жылдан - «Қазақ мемлекеттік заң академиясы» РКҚК Құқық және мемлекеттік қызмет институтының директоры (Астана). 2001 жылдан - Қарағанды облысы әкімінің орынбасары. 2006 жылдан - ҚР Әділет министрлігінің дін жөніндегі комитетінің терағасы. 2008 жылдан бері - Қазақстан халқы Ассамблеясы терағасының орынбасары, ҚР Президенті Әкімшілігінің Қазақстан Халқы ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі. Хоббиі - спорт (футбол,волейбол). Үйленген.

55 жыл бұрын «Қазақстан» РТРК АҚ Жамбыл облыстық филиалының директоры - Мейрамбек Мылтықбайұлы ТӨЛЕПБЕРГЕН дүниеге келді.  

1957 жылы туылған. Қазақ мемлекеттік университетінің журналистика факультетін бітірген. Қазақстан Республикасының мәдениет қайраткері, ҚР Журналистер одағы сыйлығының лауреаты. «Сағасында Таластың бір ауыл бар» (1995), «Қаһарман Бақтыораз» (2000), «Ақиқат алдында» (2002), «Ұлбике» (2002), «Шоқыр» (2003) деген кітаптардың авторы. Сегіз жинаққа таңдаулы очерктері енген. Қазақстан Президентінің Жарлығымен «Ерен еңбегі үшін» медалімен (1999), Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің «Мәдениет қайраткері» белгісімен (2000), «Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 10 жылдығы» медалімен марапатталған. Алматы облысының «Балқаш ауданының құрметті азаматы».

Еңбек жолын Жамбыл облысының Сарысу ауданындағы Тоғызкент совхозында құрылысшы болып бастаған. Ал университетті бітірген соң Алматы облыстық «Жетісу» газетінде бөлім меңгерушісі, жауапты хатшының орынбасары, «Халық кеңесі» газетінде бөлім редакторы, «Егемен Қазақстан» газеті Алматы филиалының басшысы, бөлім бастығы және саяси шолушысы болды. Кейін «Қазақстан теміржолдары» ҰҚ» акционерлік қоғамының жұртшылықпен байланыс жөніндегі департаментінің директоры, «Қазақ газеттері» ЖШС Алматы, Жамбыл облыстары бойынша өкілі қызметтерін атқарған. 2012 жылдың мамыр айына дейін Жамбыл облысы әкімінің орынбасары болды.

2012 жылдың 3 мамырынан бастап «Қазақстан» РТРК АҚ Жамбыл облыстық филиалының директоры.

43 жыл бұрын ҚР Статистика агенттігі төрағасының орынбасары Жасер Әзімханұлы ЖАРҚЫНБАЕВ дүниеге келді. 1969 жылы 13 мамырда Жамбыл қаласында дүниеге келген, қазақ.  1993 жылы Жамбыл гидромелиоративтік-құрылыс институтын үздік бітірген, инженер-экономист. 1998 жылы М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінде «Қаржы және кредит» мамандығын үздік бітіріп, екінші жоғары білім алады. 1999-2001 жылдары «Болашақ» бағдарламасы бойынша Техас Технологиялық Университетінде (АҚШ) оқып, экономика магистрі дәрежесін алған. 1993 жылдан бастап 1994 жыл аралығында Тараз қаласындағы «Тараз» акционерлік-коммерциялық банкінің валюталық бөлімінің экономисті, аға экономисті, бастығы болып жұмыс істеген.  1994-1998 жылдары - «Казкоммерцбанк» ААҚ Жамбыл филиалының операциялық бөлімінің бастығы, валюталық бөлімінің бастығы, кредит бөлімінің бастығы, бас бухгалтердің орынбасары. 1998-1999 жылдары - «Шымкентнефтеоргсинтез» ААҚТ Тараз филиалы директорының орынбасары. 2001 жылдан бастап мемлекеттік қызметте. 2001 жылдан бастап 2002 жыл аралығында   - Қазақстан Республикасы Экономика және сауда министрлігінде Сауда саясаты және халықаралық ынтымақтастық департаменті ішкі сауда саясаты басқармасының талдау және болжау бөлімінің бастығы; 2002 жылдан бастап 2003 жыл аралығында - Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінде болжамдық баланстар мен ұлттық шоттар бөлімінің бастығы, Макроэкономикалық болжам жасау басқармасының бастығы; 2003 жылдан бастап 2007 жыл аралығында - Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінде Экономикалық саясат және индикативтік жоспарлау департаменті директорының орынбасары, Экономикалық саясат және болжам жасау департаментінің директоры;  2007 жылғы қарашадан бастап 2009 жылғы қазан аралығында - «Үкімет және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі жанындағы ұлттық талдамалық орталық» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары болып жұмыс істеді; 2008 жылғы 5 қарашадан бастап - Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының орынбасары;  2009 жылғы 25 желтоқсаннан бастап -Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі төрағасының орынбасары.

Қазақстан Республикасы Президентінің Құрмет грамотасымен және «Қазақстан Республикасының Конституциясына 10 жыл» медалімен марапатталған. «Нұр Отан» партиясының мүшесі болып табылады.

46 жыл бұрын (1966) сазгер, Шәмшітанушы - Қалдыбек ҚҰРМАНӘЛІ дүниеге келді. Оңтүстік Қазақстан облысы, Отырар және Бәйдібек аудандарының «Құрметті азаматы».

76 жыл бұрын (1936) жазушы, халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты - Шәрбану ҚҰМАРОВА  дүниеге келді.

59 жыл бұрын (1953) жазушы - Серікбай БАЙХОНОВ дүниеге келді.

Соңғы жаңалықтар