13 МАМЫР. ҚАЗАҚПАРАТ КҮНТІЗБЕСІ: АТАУЛЫ КҮНДЕР, ОҚИҒАЛАР, ЕСІМДЕР

АСТАНА. 13 мамыр. ҚазАқпарат - ҚазАқпарат оқырмандарға 2014 жылғы 13 мамырға арналған күнтізбені ұсынады.

13 МАМЫР. ҚАЗАҚПАРАТ КҮНТІЗБЕСІ: АТАУЛЫ КҮНДЕР, ОҚИҒАЛАР, ЕСІМДЕР

13 мамыр, СЕ ЙСЕНБІ

Ресей Федерациясындағы Қара теңіз флоты мерекесі.

Бразилиядағы Претос Велхос фестивалі. 1888 жылы Бразилияда құлдықты жою туралы заң қабылданды.

ЕСТЕ ҚАЛАР ОҚИҒАЛАР 1 10 жыл бұрын (1904) қазақтың ұлы ғалымы, ағартушы, шығыстанушы, тарихшы, этнолог, географ, фольклортанушы Ш.Уәлихановтың еңбектері алғаш рет жарияланды.

2 2 жыл бұрын (1992) Қазақстан Республикасы мен Финляндия Республикасы арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастарды бекіту туралы келісім жасалды.

2 2 жыл бұрын (1992) Қазақстан Республикасы мен Финляндия Республикасы арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастарды бекіту туралы келісім жасалды.

1 2 жыл бұрын (2002) Қазақстан Ядролық жеткізімшілер тобының 40-шы мүшесі болып қабылданды.

7 жыл бұрын (2007) Санкт-Петербор қаласындағы «Невский пяточок» мемориалында соғыс жылдары қырғын ұрыс болған жерде «Память және Слава» атты интернационалдық саябақтың ашылу салтанатты өтті.

Ұлы Отан соғысы жылдары Ленинград шайқасындағы қорғаушылардың құрметіне саябақта 60 стелла орнатылған, оның ішінде қазақстандықтар да бар. Стеллалардағы жазулар әр ұлттың өз тiлiнде жазылған.

5 жыл бұрын (2009) Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Корея Республикасының жоғары мемлекеттік наградасы - «Мугунхва» (Мәңгі гүлдеген раушангүл) орденімен марапатталды.

Қазақстан мен Кореяның достық байланыстарының дамуына зор үлес қосқаны үшін өз кезегінде Президент Ли Мён Бак Қазақстанның жоғары мемлекеттік наградасы «Алтын Қыран» орденімен марапатталды.

5 жыл бұрын (2009) Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан Республикасының Үкіметі, Ресей Федерациясының Үкіметі және Түрікменстанның Үкіметі арасындағы Каспий жағалауы газ құбырын салудағы ынтымақтастық туралы келісімді ратификациялау туралы» Заңға қол қойды.

4 жыл бұрын (2010) Қазақстанда «KAZNEX INVEST» экспорт және инвестициялар бойынша Ұлттық агенттігі құрылды.

Жаңа құрылған органның негізгі мақсаты экспортты дамыту және жылжытумен қатар Қазақстан экономикасына тікелей инвестициялар тарту болып табылады.

Ұлттық агенттіктің қызметіне Қазақстан аумағында экономиканың өңдеу секторында бірлескен өндірістер құру мақсатымен жетекші трансұлттық компаниялармен өзара іс-қимыл жасасу кіреді. Ел экономикасының шикізаттық емес секторларына салым салуға дайын шетелдік инвесторлар үшін «KAZNEX INVEST» АҚ бір терезе қағидатымен қызметтер ұсынатын болады

ЕСІМДЕР

7 9 жыл бұрын (1935-1993) ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты, Солтүстік Қазақстан меринос қойларының жаңа тұқымын өндірушілердің бірі ӘШІМБЕТОВ Кемер Қожахметұлы дүниеге келді.

Павлодар облысында туған. Алматы зооветеринарлық институтын (Қазақ Ұлттық аграрлық университеті) бітірген.

Павлодар облысы Железинка ауданы Советтік Қазақстан кеңшарының бас зоотехнигі, Лебяжі ауданы ХХІІІ партсъезд кеңшарының директоры, Павлодар облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы мал шаруашылығы және мал тұқымын асылдандыру бөлімінің бастығы, облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы бастығының орынбасары, Павлодар совхоз-техникумының директоры, Шарбақты аудандық атқару комитетінің төрағасы, Павлодар аудандық партия комитетінің бірінші хатшысы, Павлодар облыстық партия комитетінің екінші хатшысы, еңбекшілер шаруашылығы қауымдастығының төрағасы, «Тұранбанк» облыстық басқармасының ауыл шаруашылығы бөлімінің бастығы қызметтерін атқарған.

«Еңбек Қызыл Ту», үш мәрте «Құрмет белгісі» ордендерімен және медальдармен марапатталған.

7 8 жыл бұрын (1936) жазушы, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, халықаралық «Алаш» сыйлығының лауреаты ҚҰМАРОВА Шәрбану Мұхитқызы дүниеге келді.

Алматы облысының Есік қаласында туған. Қазақ мемлекеттік университетін (әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті) бітірген. «Социалистік Қазақстан» газетінде (қазіргі «Егемен Қазақстан»), Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің Кинематография жөніндегі мемлекеттік комитетінде, «Мәдениет және тұрмыс» журналында, Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрында, «Жазушы» баспасында жұмыс істеген.

Содан бергі уақытта «Терезелер», «Сәуірдің ақ таңы», «Әйел шырағы», «Қызыл қайың» атты әңгіме-повестер жинағы, «Құлжа жолы» повесі, «Қазбауыр бұлттар» роман-толғауы, «Сезім патшалығы» романы жарық көрген. Көптеген шығармалары ТМД халықтарының тілдеріне аударылған.

«Құрмет» орденімен марапатталған. Есік қаласындағы бір көшеге қаламгер есімі берілген.

5 1 жыл бұрын (1963) Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары, Ассамблея хатшылығының меңгерушісі ТОҒЖАНОВ Ералы Лұқпанұлы дүниеге келді.

Батыс Қазақстан облысында туған. 1988 жылы Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін бітірді. 1988 жылдан 1991 жылға дейін Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің Мемлекет және құқық теориясы мен тарихы кафедрасының оқытушысы болып қызмет атқарды. 1991 жылдан 1994 жылға дейін - ҚР Ғылым академиясының Мемлекет және құқық институтының аспиранты. 1994 жылдан 1996 жылға дейін - ҚР Ғылым академиясы Мемлекет және құқық институтының ғылыми қызметкері. 1996 жылдан 1997 жылға дейін - Қазақ гуманитарлық-заң университетінің аға оқытушысы, Мемлекеттік қызмет және халықаралық құқық факультеті деканының орынбасары. 1997 жылдан 1999 жылға дейін - Қазақ гуманитарлық-заң университетінің Халықаралық құқық факультетінің деканы. 1999 жылдан 2001 жылға дейін Қазақ гуманитарлық-заң университетінің Астана қаласындағы филиалының директоры, Құқық және мемлекеттік қызмет институтының директоры болып қызмет атқарды. 2001 жылдан 2006 жылға дейін - Қарағанды облысы әкімінің орынбасары. 2006 жылдан 2008 жылға дейін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Дін істері комитетінің төрағасы болып қызмет атқарды. 2008 жылғы ақпанда Қазақстан Республикасы Президентінің өкімімен Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары - Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Қазақстан халқы Ассамблеясы Хатшылығының меңгерушісі болып тағайындалды. Заң ғылымдарының кандидаты. Саясаттану ғылымдарының докторы. 2007 жылы «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталған.

5 1 жыл бұрын (1963) "ҚазМұнайГаз Барлау Өндіру" АҚ бас директоры НҰРСЕЙІТОВ Абат Ақмұқанұлы дүниеге келді.

В.И.Ленин атындағы Қазақ политехникалық институтын бітірген. "Жетібай" мұнай өндіру басқармасында оператор, орталық диспетчер бастығы. Қазақ мұнай ғылыми-зерттеу және жобалау институтында "Торғай Петролеум ЖАҚ-та жұмыс жасады.2004-2006 жылдары - "ЛУКОЙЛ Оверсиз Сервис" Қазақстандық филиалының менеджері болды. 2006-2012 жылдары - ҚазМұнайГазбарлау Өндіру" АҚ өндіріс басқармасы департаментінің директоры, өндіріс жөніндегі басқарушы директор. 2012-2013 жылдары - ҚазМұнайГаз Барлау Өндіру" АҚ бас директорының орынбасары. Қазіргі қызметінде - 2013 жылғы қаңтардан бері.

4 8 жыл бұрын (1966) «Шәмші» журналының бас редакторы, сазгер, Қазақстан Жастар одағы сыйлығының лауреаты ҚҰРМАНӘЛІ Қалдыбек Арыстанбекұлы дүниеге келді.

Оңтүстік Қазақстан облысы Алғабас ауданында туған. С.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін (әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті) бітірген. 1989-1992 жылдары - Қазақстан Жазушылар одағы жанындағы «Жұлдыздар» жастар-шығармашылық бірлестігінің төрағасы. 1992-1994 жылдары - Қазақстан Жастар одағы Оңтүстік Қазақстан облыстық комитетінің хатшысы. 1994-1996 жылдары - «Жас қазақ» газеті бас редакторының орынбасары. 1996-1997 жылдары - «Шартарап» баспасының бас редакторы. 1997-1998 жылдары - «Зерде» журналы бас редакторының орынбасары. 1999-2000 жылдары - «Заң» газетінің Алматы облысы бойынша меншікті тілшісі. 2000-2008 жылдары - «Жас қазақ» корпорациясының президенті қызметін атқарған. Қазіргі қызметінде 2008 жылдан бастап істейді.

Қызыл Жұлдыз орденімен марапатталған.

4 5 жыл бұрын (1969) ҚР Статистика агенттігі төрағасының орынбасары ЖАРҚЫНБАЕВ Жасер Әзімханұлы дүниеге келді.

Жамбыл қаласында туған. 1993 жылы Жамбыл гидромелиоративтік-құрылыс институтын үздік бітірген, инженер-экономист. 1998 жылы М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінде «Қаржы және кредит» мамандығын үздік бітіріп, екінші жоғары білім алады. 1999-2001 жылдары «Болашақ» бағдарламасы бойынша Техас Технологиялық Университетінде (АҚШ) оқып, экономика магистрі дәрежесін алған. 1993 жылдан бастап 1994 жыл аралығында Тараз қаласындағы «Тараз» акционерлік-коммерциялық банкінің валюталық бөлімінің экономисті, аға экономисті, бастығы болып жұмыс істеген. 1994-1998 жылдары - «Казкоммерцбанк» ААҚ Жамбыл филиалының операциялық бөлімінің бастығы, валюталық бөлімінің бастығы, кредит бөлімінің бастығы, бас бухгалтердің орынбасары. 1998-1999 жылдары - «Шымкентнефтеоргсинтез» ААҚТ Тараз филиалы директорының орынбасары. 2001 жылдан бастап мемлекеттік қызметте. 2001 жылдан бастап 2002 жыл аралығында - Қазақстан Республикасы Экономика және сауда министрлігінде Сауда саясаты және халықаралық ынтымақтастық департаменті ішкі сауда саясаты басқармасының талдау және болжау бөлімінің бастығы; 2002 жылдан бастап 2003 жыл аралығында - Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінде болжамдық баланстар мен ұлттық шоттар бөлімінің бастығы, Макроэкономикалық болжам жасау басқармасының бастығы; 2003 жылдан бастап 2007 жыл аралығында - Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінде Экономикалық саясат және индикативтік жоспарлау департаменті директорының орынбасары, Экономикалық саясат және болжам жасау департаментінің директоры; 2007 жылғы қарашадан бастап 2009 жылғы қазан аралығында - «Үкімет және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі жанындағы ұлттық талдамалық орталық» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары болып жұмыс істеді; 2008 жылғы 5 қарашадан бастап - Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының орынбасары; 2009 жылғы 25 желтоқсаннан бастап -Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі төрағасының орынбасары. Қазақстан Республикасы Президентінің Құрмет грамотасымен және «Қазақстан Республикасының Конституциясына 10 жыл» медалімен марапатталған. «Нұр Отан» партиясының мүшесі.

157 жыл бұрын (1857-1932) үнді дәрігері, Нобель сыйлығының лауреаты Рональд