13 маусым күні елордада өтетін маңызды шаралар аңдатпасы

АСТАНА. ҚазАқпарат – «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігі 13 маусым күні Астанада өтетін мәдени және қоғамдық маңызды шаралар аңдатпасын ұсынады.

13 маусым күні елордада өтетін маңызды шаралар аңдатпасы

10.00-де Үкімет үйінде кезекті Үкімет отырысы өтеді. Күн тәртібінде 2023 жылғы қаңтар-мамыр айларындағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары және республикалық бюджеттің атқарылуы, сондай-ақ мал шаруашылығын дамыту тақырыптары қаралады.

10.00-де Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтында «Ашық есік күні» өтеді. Онда еліміздің жетекші талдау орталығының басшылығы өзінің 30 жылдық мерейтойына қарсы ҚСЗИ қызметі мен зерттеулері туралы айтады.

10.00-де Astana Hub-та шағын және орта бизнеске арналған мемлекеттік қолдау шараларының таныстырылымы өтеді. Шара барысында қаржылай және қаржылай емес қолдау шаралары, оларды қалай алуға болады және ол үшін не қажет екені туралы ақпарат беріледі.