13 маусымнан бастап «Болашақ» бағдарламасы бойынша құжаттар қабылдаудың екінші кезеңі басталады

АСТАНА. ҚазАқпарат - 2016 жылғы 13 маусымнан бастап 29 шілдені қоса алғандағы кезеңде «Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындау конкурсына қатысу үшін құжаттар қабылдаудың екінші кезеңі өткізіледі. Бұл туралы «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ баспасөз қызметінен хабарлады.
None
None

Стипендия «Магистратура», «Докторантура», «Резидентура» және «Тағылымдама» бағдарламалары бойынша тағайындалады.

ҚұжаттардыАстана қ., Орынбор көш., 4-үй, «Алтын орда» бизнес орталығы мекенжайына, сондай-ақ халыққа қызмет көрсету орталықтары және «электронды үкімет» порталы арқылы тапсыруға болады.

«Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындау конкурсына қатысу үшін құжаттар қабылдауүш кезеңде жүргізілетіндігін еске саламыз, атап айтқанда: бірінші - 11 сәуірден 13 мамырды қоса алған кезең; екінші -13 маусымнан 29 шілдені қоса алғандағы кезең; үшінші - 15 тамыздан 30 қыркүйекті қоса алғандағы кезең.

Соңғы жаңалықтар