13 миллион гектар алқаптың астығы бастырылды
АСТАНА. ҚазАқпарат - 13 миллион гектар алқаптың астығы бастырылды. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР АШМ Агроөнеркәсіп кешеніндегі мемлекеттік инспекция комитетінің төрағасы Сақташ Қасенов мәлім етті.
Оның атап өтуінше, 25-26 қыркүйектен бастап қазан айының басына дейін жаңбыр үздіксіз жауды. Соның салдары егін жинау жұмыстарына кері әсерін тигізіп отыр. Дегенмен, мұндай қиындықтарға қарамастан астық бастыру жұмыстары жүргізілуде.
"Біз әкімшіліктен астық бастыру науқанына қатысты ақпарат алып отырамыз. Олардың ақпаратына сәйкес, бүгінгі күні 15 млн. гектар алқаптың 13 миллион гектарға жуық алқабынан егін жиналды. Орташа түсімділігі гектарына 12 центнерден айналуда», - деді ол.
Комитет басшысының сөзіне қарағанда, 2009 жылдан бастап егістік алқаптарын әртараптандыру жұмыстары жүргізілуде. Мәселен, егістік алқабы 2009 жылы 14,8 млн. гектар болса, ағымдағы жылы 12,4 млн. гектарға қысқарған.