13 млн Америка халқы босқынға айналуы мүмкін

АСТАНА. ҚазАқпарат - XХІ ғасырдың соңына қарай АҚШ жағалауларында тұратын 13 миллион тұрғын босқынға айналуы мүмкін, деп хабарлады www.24.kz.

13 млн Америка халқы босқынға айналуы мүмкін

Оған мұхит деңгейінің көтерілуі себеп. Мұндай жағдайды әсіресе Флорида, Луизиана мен Калифорния штатының тұрғындары бастан кешуі мүмкін. Себебі мұхит суы 180 сантиметрге дейін көтерілуі мүмкін деген болжам бар. Яғни Флорида мен Оңтүстік Каролина штаттарындағы кейбір округтер халқының 80%-ынан айырылуы ғажап емес.

«Бұл - мүлде жаңа құбылыс. Чесапик шығанағындағы су астында қалған Голландия аралы мен тағы 2-3 аралды мысал ретінде келтіруге болады. Бірақ құрлықтағы тұрғындардың мәжбүрлі түрде көшу жағдайы әлі болған жоқ. Кейбір округтердегі ахуал тіптен қорқынышты. 85 жыл өте қысқа мерзім болса да, ойлануға және көші-қон жоспарын құруға, инфрақұрылымды жасап, адамдарды көшіруге дайындау үшін мүмкіндік береді», - деген пайымдарын айтты Джорджия университетінің профессоры Дипак Мишра.