22:03, 12 Наурыз 2024 | GMT +5
13 наурыз күні елімізде өтетін маңызды іс-шаралар аңдатпасы
АСТАНА. KAZINFORM — Kazinform халықаралық ақпарат агенттігі 13 наурыз күні елімізде өтетін мәдени және қоғамдық маңызды іс-шаралар аңдатпасын ұсынады.

10.00-де ҚР Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысы өтеді.
11.00-де ҚР Парламенті Сенатының Аграрлық мәселелер, табиғатты пайдалану және ауылдық аумақтарды дамыту комитеті кеңейтілген отырыс өткізеді.
14.00-де Maqsut Narikbayev университетінде ҚР Президенті жанындағы ҚР Ұлттық ғылым академиясының Жас ғалымдар кеңесі Президиумының бірінші жұмыс отырысы өтеді.
15.00-де ҚР Парламенті Мәжілісінің аграрлық комитеті елдің оңтүстік аймақтарындағы ағымдағы суару маусымына дайындық туралы тақырыптық отырысы өткізеді.