13 наурыз күнгі ауа райы болжамы

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 13 наурыз күні Қазақстан аумағының басым бөлігі антициклон ықпалында қалады. Соған орай жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Еліміздің тек батысында және солтүстік-батысында фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты жауын-шашын (көбінесе жаңбыр) жауады. Республиканың кей жерлерінде жел күшейіп, тұман түседі, солтүстікте көктайғақ болжанады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

13 наурыз күнгі ауа райы болжамы

«Қазгидромет» РМК мәліметінше, Алматы облысының Жалаңашкөл ауданында желдің күші 18-23, кей уақытта 28 м/с дейін күшейеді.

Жамбыл, Батыс Қазақстан, Солтүстік Батыс, Шығыс Қазақстан облыстарында тұман күтіледі, жел 15-20 м/с артады.

Қарағанды, Ақтөбе, Атырау, Ақмола облыстарының кей жерлерінде тұман болжанады.

Павлодар облысының кей жерлерінде тұман мен көктайғақ күтіледі.

Қостанай облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болады. Желдің жылдамдығы 15-20 м/с артады.

Күндіз Қызылорда облысында желдің күші 15-20 м/с күшейеді.