13 наурыз. Тұлғалар туған күн
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін, 13 наурызда тұлғалардан кімдер дүниеге келген? ҚазАқпарат оқырмандарына есімдер күнтізбесін ұсынады.
ЕСІМДЕР

Алматы облысында туған. Алматы педагогикалық училищесін, Мәскеу мемлекеттік консерваториясы жанындағы Қазақ студиясын, Мәскеу мемлекеттік консерваториясын бітірген.
1942-1953 жылдары Қазақ мемлекеттік академиялық халық аспаптары оркестрінің дирижері, Қазақстан Композиторлар одағының төрағасы болған. 1953 жылдан Алматы мемлекеттік консерваториясында педагогикалық қызметпен айналысқан. Композитор музыканың алуан жанрында еңбек етіп, фортепьяно мен скрипка үшін пьесалар, симфониялық оркестр мен хорға арнап күрделі шығармалар жазған. Оның «Татьяна туралы ән», «Кестелі орамал», «Тос мені тос», «Көп жүрдім» атты өзіндік музыкалық тілі мен романстары қазақтың кәсіби музыкасында романс жанрының қалыптасуына игі әсер етті. Симфониялық шығармалары ішінде «Қазақстан» поэмасы мен «Коммунизм оттары» кантантасы қазақ музыкасында ерекше орын алды. Әсіресе, ән-хор шығармаларында өзі өмір кешкен кеңестік заман тақырыбы сәтті көрініс тапты. Төлебаевтың шығармашылығының шарықтау шыңы, қазақ музыкасындағы аса елеулі туындыларының бірі - «Біржан-Сара» операсы. Аталмыш туындыда жеке адам тағдыры, бас бостандығы үшін күрескен Біржан мен Сара сынды өнер өкілдерінің шығармашылығы мен трагедиялық тағдыры терең тебіреніспен баяндалады. Ол Қазақ КСР-і мен Қазақстан Республикасының алғашқы әнұраны авторларының бірі болды. Сондай-ақ композитор драмалық спектакльдер мен кинофильмдерге музыка жазып, жеке дауыс пен фортепьяноға арнап қазақтың көптеген әндерін өңдеген. «Отан соғысы» орденімен, медальдармен марапатталған.
«Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 10 жыл», «Астанаға 10 жыл» мерейтойлық медальдарымен және БҰҰ «За миротворческую деятельность» медалімен марапатталған.

И.М. Губкина атындағы Мәскеу мұнай-химия және газ өнеркәсібі институтын бітірген, инженер-химик-технолог (1985,1990).
Еңбек жолы: технологиялық қондырғылар операторы, цех бастығының орынбасары, зертхана бастығы, аға инженер, «Петро Қазақстан Ойл Продакс» ЖШС бас технологы (1985-2003); «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ мұнай-химия департаментінің бас менеджері, директоры (2004-2010); «ҚМГ соғылып жатқан мекемелер дирекциясы» ЖШС мұнай өңдеу жөніндегі бас инженері (2010-2012); Kazakhstan Petrochemical Industries ЖШС Басқарма төрағасының өндіріс жөніндегі орынбасары (2012-2016); «Біріккен химиялық компания» ЖШС техникалық даму қызметінің бастығы (04.2016-10.2016); ҚР Rominserv SRL филиалының іске қосу-баптау жөніндегі басшысы (ПМХЗ изомерлендіру қондырғысы) (01.2017-11.2017); «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ мұнай өңдеу департаментінің директоры (2017-2018); KPI inc. ЖШС Басқарма Төрағасының кеңесшісі, Басқарма төрағасының жобалар жөніндегі орынбасары. (2018-2019); KLPE («КейЭлПиИ») ЖШС Басқарма төрағасының жобалар жөніндегі орынбасары (2019-2022).
Қазіргі қызметін 2022 жылдың шілдесінен бері атқарып келеді.
Қазақстан Республикасы Президентінің, ҚР Энергетика және минералдық ресурстар Министрлігінің құрмет грамоталарымен марапатталған.

Оңтүстік Қазақстанда туған. 1993-1997 жылдары Ташкенттегі «Имам Әл-Бұхари» атындағы Ислам институтында оқып жоғарғы діни білім алған. 1999-2001 жылдары ҚМДБ жанындағы Ислам институтында оқыған. 2009 жылы Мысыр Араб Республикасында қысқа мерзімде діни білімін жетілдірген. 2010 жылы Абай атындағы Алматы Мемлекеттік университетінің «Тарих» факультетін сырттай оқып бітіріп жоғарғы білім алған. 2011-2013 жылдары аталған университеттің «Дінтану» мамандығы бойынша магистратурасын бітірген. 2017 жылдан бастап «Нұр-Мүбарак» Египет ислам мәдениеті университетінде «Исламтану» мамандығы бойынша PhD докторантурасында оқуда. 1997-2006 жылдары Республикамыздың түрлі мешіттерінде имамдық қызметтерді атқарумен бастау алған. 2006-2011 жылдары ҚМДБ-ның Қарағанды өңіріндегі өкілі, Қарағанды қалалық №1 орталық мешітінің Бас имамы. 2011-2013 жылдары Қазақстан Республикасы Дін істері агенттігінің Діни бірлестіктермен байланыстар жөніндегі басқармасының Бас сарапшысы. 2013-2018 жылдары ҚМДБ төрағасының бірінші орынбасары, наиб мүфти, ҚМДБ-ның Астана қаласы бойынша өкілі, «Нұр Астана» орталық мешітінің Бас имамы. 2018 жылдың шілде-қазан айлары ҚМДБ төрағасының бірінші орынбасары, наиб мүфти, ҚМДБ-ның Түркістан қаласындағы кеңсе басшысы, Түркістан облысы бойынша өкілі имамы. 2018 жылдың қазан айынан бастап ҚМДБ төрағасының бірінші орынбасары, наиб мүфти, ҚМДБ-ның Нұр-Сұлтан қаласы бойынша өкілі, Республикалық «Әзірет Сұлтан» мешітінің Бас имамы.
Қазіргі қызметінде – 2020 жылдың ақпанынан бері.

Батыс Қазақстан облысында туған. Қазақстанның бірнеше дүркін чемпионы, 2006 жылы кадеттер арасында әлем чемпионы, 2008 жылғы жастар арасындағы әлем чемпионатының (Мексика) жеңімпазы, 2009 жылы Қазақстан жастар ойындарының чемпионы, 2010 жылғы Қазақстан чемпионы, Гуанчжоуда өткен 2010 жылғы Азия ойындарының чемпионы, 2012 жылғы олимпиадалық континенталдық іріктеу турнирінің жеңімпазы, 2012 жылғы ҚР Кубогының жеңімпазы, 2016 жылы Бразилияда өткен Олимпиада ойындарының чемпионы (69 кг), 2013 жылғы әлем чемпионатының жеңімпазы, 2014 жылғы Азия ойындарының чемпионы. ІІ дәрежелі Барыс орденімен; «Халықаралық ынтымақтастықты дамытуға қосқан үлесі үшін» медалімен марапатталған. Халықаралық дәрежедегі спорт шебері.