13 өңірде тағы 161 адам коронавирустан айықты

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Еліміздің 13 өңірінде тағы 161 адам коронавирус инфекциясынан жазылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат coronavirus2020.kz сайтына сілтеме жасап.

13 өңірде тағы 161 адам коронавирустан айықты

Соңғы мәліметке сәйкес, елімізде 161 адам коронавирус індетінен емделіп шықты:

Нұр-Сұлтан қаласында - 41,

Алматы қаласында - 23,

Шымкент қаласында - 1,

Шығыс Қазақстан облысында - 5,

Алматы облысында - 7,

Батыс Қазақстан облысында - 19,

Қарағанды облысында - 11,

Қостанай облысында - 8,

Қызылорда облысында - 26,

Жамбыл облысында - 10,

Маңғыстау облысында - 4,

Павлодар облысында - 1,

Түркістан облысында - 5.

Бүгінге дейін Қазақстанда коронавирус барлығы 13872 адамнан анықталды, оның ішінде жазылғандар саны - 8829. Қайтыс болды - 68 науқас.