13 сәуір. Қазгидрометтің күн райына жасаған болжамы

Қазақстанның басым бөлігінде атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты жаңбыр жауып, күн күркірейді. Тек еліміздің солтүстігінде, солтүстік-шығысында жоғары қысымды алқаптың әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Республика бойынша желдің күшеюі, тұман, оңтүстікте – дауыл, республиканың батысы мен оңтүстік-батысында шаңды дауыл күтіледі.
Алматы облысының күндіз шығысында найзағай күтіледі, солтүстік-шығысында жел 18-23, екпіні 29 м/с күшейеді. Күндіз Атырау облысының батысында, шығысында найзағай, шаңды дауыл күтіледі, желдің екпіні 15-20, кейде 23 м/с жетеді.
Күндіз Батыс Қазақстан облысының оңтүстігінде, солтүстік-батысында найзағай күтіледі, желдің екпіні 15-20, кейде 23 м/с жетеді. Маңғыстау облысында желдің жылдамдығы 15-20, күндіз 23 м/с, шаңды дауыл күтіледі. Қостанай облысының батысы мен оңтүстігінде найзағай, тұман, күндіз облыстың шығысында желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді.
Қостанай облысының батысы мен оңтүстігінде күн күркірейді, тұман түседі, күндіз облыстың шығысында желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді. Түнде Қарағанды облысының батысы мен оңтүстігінде найзағай ойнап, тұман түседі, облыстың солтүстігінде, оңтүстік-шығысында жел 15-20 м/с күшейеді.
Солтүстік Қазақстан облысында жел 15-20, күндіз екпіні 25 м/с күшейеді. Түнде Ақмола облысының басым бөлігінде, күндіз облыстың солтүстік-батысында, оңтүстік-шығысында 15-20 м/с күшейеді. Күндіз Павлодар облысының солтүстігінде, шығысында жел 15-20 м/с күшейеді, күндіз Қызылорда облысының солтүстік-батысында жел 15-20 м/с күшейеді, күндіз шаңды дауыл күтіледі.
Күндіз Жамбыл облысының таулы аудандарында найзағай күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді. Түнде Ақтөбе облысының шығысында тұман, күндіз облыстың батысында жел 15-20 м/с күшейеді. Шығыс Қазақстан облысының оңтүстік-батысында 15-20 м/с жел күшейеді.