13 сәуір. Туған күн иелері

ЕСІМДЕР
Алматы қаласында туған. Қазақ ауыл шаруашылығы институтын (Қазақ ұлттық аграрлық университеті) бітірген. 1983-1997 жылдары - Қазақ жер өңдеу шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының агрономы, директорының орынбасары. 1997-2002 жылдары - А.И.Бараев атындағы Қазақ астық шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының директоры. 2002-2005 жылдары - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы вице-министрі. 2006-2007 жылдары - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ғылым департаментінің директоры. 2007-2008 жылдары - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы вице-министрі қызметін атқарған. 2008-2011 жж. ҚР Ауыл шаруашылығы министрі болды. 2011-2020 жж. С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің ректоры қызметін атқарды. 2020 жылдың тамыз айынан бастап қазіргі қызметінде.
«Құрмет» (2012), «Парасат» (2018) ордендерімен марапатталған; «Қазақстан Конституциясына 10 жыл» (2005), «10 жыл Астана» (2008), «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл» (2011), «Қазақстан Конституциясына 20 жыл» (12015), «Қазақстан Республикасы Конституциясына 20 жыл» (12015), «Қазақстан халқы10 жыл» (2008 ж.) медальдарымен марапатталған. ) ), «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 25 жыл» (2016), «Астана 20 жыл» (2018), «Қазақстан Конституциясына 25 жыл» (2020); «Белсенді қызметі үшін» төсбелгісі (2019). «Қазақстанның еңбегі сіңген қайраткері» құрметті атағы берілді (2006). А.И.Бараев атындағы сыйлықтың лауреаты.
Солтүстік Қазақстан облысында туған. А.С.Макаренко атындағы Сумск мемлекеттік педагогикалық институтын (филолог), Қазақстан менеджмент, экономика және болжау институтын (әлеуметтанушы) тәмамдады. Еңбек жолы: Солтүстік Қазақстан облысы Сергеев комсомолы аудандық комитетінің хатшысы (1989-1991); ҚазААГ «Қазақстан ақпарат агенттігі» Республикалық мемлекеттік қазынашылық кәсіпорнының кадрлар бөлімінің бастығы (1993-1997); ҚазААГ тілшілер желісінің меңгерушісі, бас редактор (1997-2009); «ҚазАқпарат» ҰК» АҚ басқарма төрағасының орынбасары (2009-2012); «ҚазАқпарат» ХАА директорының шығармашылық жөніндегі орынбасары (2014-2016). 2019-2022 «ҚазАқпарат» ХАА» АҚ Төрағасының кеңесшісі.
«ҚР Конституциясына 10 жыл», «Ерен еңбегі үшін» медальдарымен, ҚР Президентінің, ҚР Үкіметі басшысының, ҚР Парламент палаталары спикерлерінің, сондай-ақ министрліктер мен ведомстволардың Алғыс хаттарымен марапатталған.
Қарағанды қаласында дүниеге келген. Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін тәмамдаған. Мамандығы: математик, инженер-бағдарламашы. 1995 - 1999 жж. - ҚР Білім және ғылым министрлігі жанындағы Қолданбалы математика институты «Компьютерлік математикалық физика» зертханасының инженері; 1999 - 2000 жж. - Кәсіпорындарды қайта құру және тарату агенттігі филиалының талдау және ақпарат бөлімінің бас маманы; 2000 - 2003 жж. - «Кушпен - Телеком» ЖШС Lotus - технологиялары бөлімінің басшысы, инженер-бағдарламашы; 2003 - 2006 жж. - ҚР Президенті Әкімшілігінің Ақпараттандыру және мемлекеттік құпияларды қорғау бөлімінің Ақпараттандыру және ақпараттарды қорғау секторының меңгерушісі; 2006 - 2008 жж. - «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары; 2008 - 2010 жж. - «Телекоммуникация саласындағы техникалық сүйемелдеу және талдау орталығы» РМК директоры; 2010 - 2011 жж. - «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ Басқарма төрағасы; 2011 - 2012 жж. - «Зерде» ұлттық ақпараттық коммуникациялық холдингі» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары; 2012 - 2015 жж. - «Al.As.Ay» ЖШС кеңесшісі; 2015 ж. - «ҚазТрансОйл» АҚ-ның Ақпараттық технологиялар департаментінің директоры; 2015 - 2017 жж. - «Транстелеком» АҚ ақпараттық технологиялар жөніндегі атқарушы директоры; 2017 - 2019 жж. - «ҚР Блокчейн мен криптотехнологияларды дамыту қауымдастығы» КЕҰ вице –президенті қызметінде. 2019 жылғы сәуірден - ҚР Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі.