13 сәуірде өтетін маңызды шаралар аңдатпасы

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «ҚазАқпарат» Халықаралық ақпарат агенттігі 13 сәуір күні елордада өтетін маңызды шаралар аңдатпасын ұсынады.
None
None

НҰР-СҰЛТАН

10.00-де Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысы басталады.

11.00-де Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының әлеуметтік-мәдени даму мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның отырысы өтеді. Отырыс мәслихаттың Facebook әлеуметтік желісіндегі аккаунтында онлайн көрсетіледі. (www.facebook.com/maslihat.astana.kz)

11.00-де Park Inn by Radisson қонақ үйінде «Қазақстанның қара және түсті металлдарын әзірлейтін және өңдейтін өзін-өзі реттейтін ұйым» ЗТБ және бизнес өкілдері баспасөз мәслихатын өткізеді.

12.30-да ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде

«Азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету және әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағаларын реттеу туралы» баспасөз мәслихаты өтеді. Спикерлер: ҚР АШМ Аграрлық азық-түлік нарықтары және ауыл шаруашылығы өнімін қайта өңдеу департаментінің директоры Назгүл Хатепова; ҚР СИМ Сауда комитеті төрағасының орынбасары Айдар Әбілдақов. Көрсетілім сілтемелері: https://www.youtube.com/user/ortcomkz, https://ru-ru.facebook.com/ortcomkz.

14.30-да ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде

«Қазақстан халқына» ҚӘҚ жұмысының барысы туралы» баспасөз мәслихаты өтеді. Спикерлер:«Қазақстан халқына» қоғамдық қорының төрағасы Болат Жәмішев; «Қазақстан халқына» қоғамдық қоры төрағасының орынбасары Чинкисбаева Лаззат; «Қазақстан халқына» қоғамдық қоры төрағасының орынбасары София Айсағалиева. Көрсетілім сілтемелері: https://www.youtube.com/user/ortcomkz, https://ru-ru.facebook.com/ortcomkz.

19.00-де «Қазақстан» Орталық концерт залында «FORTE TRIO» мемлекеттік триосы «И.Брамс, Майшам жаққан романтикалық кеш» камералық музыка концертін ұсынады.

19.00-де Қаллеки театрында «Алтайдан ауған ел» тарихи драмасы көрсетіледі.


Соңғы жаңалықтар