13 сәуір. Тұлғалар туған күн

Бүгін, 13 сәуір күні тұлғалардан кімдер дүниеге келген? Kazinform оқырмандарына есімдер күнтізбесін ұсынады.

Туған күн
Фото: Kazinform

64 жыл бұрын (1961) Қазақстан Ұлттық ғылым академиясының президенті, Қазақстан Республикасының мемлекет қайраткері, ғалым Ақылбек Қажығұлұлы КҮРІШБАЕВ дүниеге келді.

Ақылбек Қажығұлұлы КҮРІШБАЕВ
Фото: ru.qazscience.gov.kz

Алматы қаласында туған. Қазақ ауыл шаруашылығы институтын (Қазақ ұлттық аграрлық университеті) бітірген.

Еңбек жолы: 1983-1997 жылдары Қазақ жер өңдеу шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының агрономы, директорының орынбасары, 1997-2002 жылдары А. Бараев атындағы Қазақ астық шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының директоры, 2002-2005 жылдары Ауыл шаруашылығы вице-министрі, 2006-2007 жылдары Ауыл шаруашылығы министрлігі Ғылым департаментінің директоры, 2007-2008 жылдары Ауыл шаруашылығы вице-министрі қызметін атқарған. 2008-2011 жылдары Ауыл шаруашылығы министрі болды. 2011-2020 жылдары С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің ректоры қызметін атқарды. 2020-2022 жылдары ҚР Парламенті Сенатының депутаты, Аграрлық мәселелер, табиғатты пайдалануды басқару және ауылдық аумақтарды дамыту комитетінің хатшысы, 2023-2024 жылдары ҚР Президенті жанындағы ҚР Ұлттық ғылым академиясының вице-президенті қызметін атқарған.

Қазіргі лауазымын 2024 жылдың қаңтар айынан бастап атқарып келеді.

«Құрмет» (2012), «Парасат» (2018) ордендерімен марапатталған; «Қазақстан Конституциясына 10 жыл» (2005), «10 жыл Астана» (2008), «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл» (2011), «Қазақстан Конституциясына 20 жыл» (12015), «Қазақстан Республикасы Конституциясына 20 жыл» (2015), «Қазақстан халқы Ассамблеясына 10 жыл» (2008 ж.), «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 25 жыл» (2016), «Астанаға 20 жыл» (2018), «Қазақстан Конституциясына 25 жыл» (2020); «Белсенді қызметі үшін» (2019) медальдарымен марапатталған. «Қазақстанның еңбегі сіңген қайраткері» (2006). А. Бараев атындағы сыйлықтың лауреаты.

50 жыл бұрын (1975) Қазақстан Республикасының Бас әскери прокуроры Дастан Әбдіқадырұлы СЕКЕНОВ дүниеге келді.

Дастан Әбдіқадырұлы СЕКЕНОВ
Фото: Gov.kz

Жетісу (бұрынғы Талдықорған) облысында туған. 1997 жылы Қазақ мемлекеттік заң университетін құқықтану мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолы: 1996-1997 жылдары Алматы қаласы Ақсай аудандық прокуратурасының стажері, 1997-1999 жылдары Алматы қаласы Әуезов ауданы прокурорының көмекшісі, аға көмекшісі, 1999-2001 жылдары Алматы қаласы прокуратурасы қылмыстық істер бойынша сот шешімдері мен атқару өндірісінің заңдылығын қадағалау бөлімінің прокуроры, 2001 жылы Бас әскери прокуратура ұйымдастыру-кадр жұмысы басқармасы кадр жұмысы бөлімінің бастығы, 2001-2008 жылдары Бас әскери прокуратура сот шешімдерінің заңдылығын, үкімдердің орындалуын және атқару өндірісін қадағалау бөлімінің бастығы, 2008-2009 жылдары Бас әскери прокуратура тергеу және анықтау заңдылығын қадағалау басқармасының бастығы, 2009-2014 жылдары Талдықорған гарнизонының әскери прокуроры, 2014-2017 жылдары Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті Сотқа дейінгі тергеп-тексеру департаментінің директоры, 2018 жылы Ұлттық экономика министрлігі департаментінің директоры қызметін атқарған. 2018-2019 жылдары Президент Әкімшілігі мемлекеттік-құқықтық бөлімінің инспекторы, сектор меңгерушісі, 2019-2021 жылдары Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Алматы қаласы бойынша департаментінің басшысы, 2021-2022 жылдары Бас әскери прокурордың бірінші орынбасары лауазымын атқарған.

2022 жылдың шілде айынан бастап қазіргі қызметінде.

49 жыл бұрын (1976) Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Асхат Елубайұлы ОРАЗБЕК дүниеге келді.

Асхат Елубайұлы ОРАЗБЕК
Фото: Gov.kz

Қарағанды қаласында дүниеге келген. Е. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін тәмамдаған. Мамандығы: математик, инженер-бағдарламашы.

Еңбек жолы: 1995-1999 жылдары Білім және ғылым министрлігі жанындағы Қолданбалы математика институты «Компьютерлік математикалық физика» зертханасының инженері, 1999-2000 жылдары Кәсіпорындарды қайта құру және тарату агенттігі филиалының талдау және ақпарат бөлімінің бас маманы, 2000-2003 жылдары «Кушпен-Телеком» ЖШС Lotus технологиялары бөлімінің басшысы, инженер-бағдарламашы, 2003-2006 жылдары Президент Әкімшілігі Ақпараттандыру және мемлекеттік құпияларды қорғау бөлімі Ақпараттандыру және ақпараттарды қорғау секторының меңгерушісі, 2006-2008 жылдары «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары қызметінде болды. 2008-2010 жылдары «Телекоммуникация саласындағы техникалық сүйемелдеу және талдау орталығы» РМК директоры, 2010-2011 жылдары «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ Басқарма төрағасы, 2011-2012 жылдары «Зерде» ұлттық ақпараттық коммуникациялық холдингі» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары, 2012-2015 жылдары «Al.As.Ay» ЖШС кеңесшісі, 2015 жылы «ҚазТрансОйл» АҚ Ақпараттық технологиялар департаментінің директоры қызметін атқарды. 2015-2017 жылдары «Транстелеком» АҚ ақпараттық технологиялар жөніндегі атқарушы директоры, 2017-2019 жылдары «ҚР Блокчейн мен криптотехнологияларды дамыту қауымдастығы» КЕҰ вице-президенті лауазымын атқарған.

2019 жылдың сәуір айынан бастап қазіргі қызметінде.

Соңғы жаңалықтар