13 сайыс түрі бойынша Ұлттық спорт түрлерінен ІV фестиваль басталды (ФОТО)

Фестиваль спорттың 13 түрінен өтеді. Шараның ашылу салтанаты 16 қазанда сағат 17:00-ге жоспарланып отыр.
Ұлттық спорт ойындарының өтетін орны мен бағдарламасы төмендегідей:
Қазақ күресі - «Еуразия» спорт кешенінде; Тоғызқұмалық - «Мұз айдыны» спорт кешенінде; Асық ату - «Нұрсәт» теннис орталығында; Ат спорт түрлері: көкпар, теңге ілу, аударыспақ - атшабарда; Бәйге түрлері: құнан бәйге (7 шақырымдық), аламан бәйге (25 шақырымдық), топ бәйге (16 шақырымдық) - атшабарда; Жамбы ату - атшабарда; Құсбегілік - атшабарда; «Керемет сәйгүлік» байқауы - атшабарда; «Сәнді киіз үй» байқауы - орталық алаңда өтеді.
Фестивалдың алғашқы сайысы көкпар ойынымен басталды. Оған Астана, Алматы қалалары мен облыстардан 14 команда қатысуда. Жеребе бойынша командалар 4 топқа бөлініп, топтық кезеңдерде бәсекеге түсуде.
14 қазанда алғашқы болып сайысқа Жамбыл облысының командасымен Ақмола жігіттері сайысты. Дайындығы күшті жамбылдықтар солтүстік көкпаршыларын оңай еңсерді. Қалған командалар есебі төмендегідей:
1. Жамбыл обл. - Ақмола обл.- 10:4 2. Ақтөбе обл. - Алматы қ .- 0:6 3. ШҚО - Атырау обл.- 1:2 4. Қарағанды обл. - Алматы обл .-1:5 5. Астана қ. - Маңғыстау обл.- 1:5 6. ОҚО - СҚО - 9:2
Алдағы күндерге ойындар кестесі:
15.10.2015 ж.
9.00-10.00 Жамбыл обл.- Ақтөбе обл. 10.00-11.00 Ақмола обл. - Алматы қ. 11.00-12.00 ШҚО - Қарағанды обл. 12.00-13.00 Атырау обл.-Алматы обл. 13.00-14.00 Астана қ. - Қызылорда обл. 14.00-15.00 ОҚО-БҚО
16.10.2015 ж.
9.00-10.00 Жамбыл обл.- Алматы қ. 10.00-11.00 Ақтөбе обл. - Ақмола қ. 11.00-12.00 ШҚО - Алматы обл. 12.00-13.00 Қарағанды обл.- Атырау обл. 13.00-14.00 Қызылорда обл. - Маңғыстау обл. 14.00-15.00 БҚО-СҚО
Еске салайық, дүбірлі додаға Астана, Алматы қалалары мен барлық облыстардан 2000-ға жуық спортшы қатысады.
(Суреттер Лаура Кенжебекқызының жеке парақшасынан алынды)