13 шілде. Туған күн иелері

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін, 11 шілде тұлғалардан кімдер дүниеге келген? ҚазАқпарат оқырмандарына есімдер күнтізбесін ұсынады.

13 шілде. Туған күн иелері

ЕСІМДЕР

52 жыл бұрын (1971) ҚР Парламенті Мәжілісі аппараты Халықаралық байланыстар және хаттама бөлімінің меңгерушісі Талғат Амангелдіұлы ҚАСЫМБЕКОВ дүниеге келді.

Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті, филолог, орыс тілі мен әдебиетінің оқытушысы; Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы, мемлекеттік қызмет менеджері; Мемлекеттік саясаттың ұлттық мектебі (Қазақстан)/Ли Куан Ю атындағы Мемлекеттік саясат мектебі (Сингапур), мемлекеттік және жергілікті басқару магистрі. 1993-1998 жылдары Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінде шет тілдер кафедрасының оқытушысы болып қызмет істеді. 2000-2001 жылдары – ҚР Көлік және коммуникация министрлігінің бас маманы. 2001-2012 жылдары – ҚР Парламенті Мәжілісі Аппараты Халықаралық байланыстар және Хаттама бөлімінің бас консультанты, бөлім меңгерушісінің орынбасары қызметтерін атқарды. 2012 жылдың қаңтар айында ҚР Парламенті Мәжілісі Аппараты Халықаралық байланыстар және Хаттама бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалды. «Құрмет» орденімен, Қазақстан Республикасының Құрмет грамотасымен және бірқатар мерекелік медальдармен наградталған.

46 жыл бұрын (1977) «Ұлттық медиа қауымдастық» ЗТБ басшысы Кемелбек Бақтығұлұлы ОЙШЫБАЕВ дүниеге келді.

Батыс Қазақстан облысында туған. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін «журналист» мамандығы бойынша, Қазақ гуманитарлық заң университетін «заңгер» мамандығы бойынша тәмамдаған. Сондай-ақ Geneva Business School-де (Швейцария) MBA бағдарламасын оқыған. Еңбек жолын 2000 жылы «Интерфакс-Қазақстан» АА» ЖШС тілшісі болып бастаған. 2001 жылдан 2007 жылға дейін «Қазақтелеком» АҚ құрылымында басшылық лауазымдарда еңбек еткен. Әр жылдары коммерциялық құрылымдарда жұмыс істеді. 2014-2016 жылдары — «Қазмедиа орталығы» басқарушы компаниясы» ЖШС бас директорының орынбасары, бірінші орынбасары. 2016 жылы — ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігі жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің директоры. 2016-2017 жылдары — «Қазақстан» телерадиокорпорациясы» АҚ басқарма төрағасы. 2019-2020 жылдары «Рухани жаңғыру» қазақстандық қоғамдық даму институты» КЕАҚ басқарма төрағасы қызметін атқарды. 2020-2022 жылдары Қазақстан Республикасы Ақпарат және әлеуметтік даму вице-министрі.

42 жыл бұрын (1981) ҚР Президенті Әкімшілігінің Мемлекеттік бақылау және аумақтық-ұйымдастыру жұмысы бөлімінің жетекшісі Ғабидолла Абдоллаұлы ОСПАНҚҰЛОВ дүниеге келді.

Шымкент облысында туған. 2002 жылы Қазақ гуманитарлық заң университетін, 2007 жылы Қазақстан-Ресей университетін Астана қаласында бітірген. 2015 жылы «Мемлекеттік басқару» мамандығы бойынша Бирмингем университетінің (Ұлыбритания) магистр дәрежесін алды. Еңбек жолын «Евразия Консалтинг» жеке компаниясында заңгер көмекшісі болып бастаған. Бұдан кейін ҚР Парламенті Сенаты депутатының көмекшісі; ҚР Парламенті Сенатының Әлеуметтік-мәдени даму комитетімен байланыстар бөлімінің бас кеңесшісі; ҚР Президенті Әкімшілігінінің Парламенттегі Президент өкілдігінің сектор меңгерушісі; Павлодар облысы Екібастұз қаласы әкімінің әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасары; Павлодар облысының білім беру саласында бақылау департаментінің директоры; ҚР Білім және ғылым министрлігінің Әкімшілік жұмыстар және жастар істері жөніндегі департаментінің директоры; ҚР Білім және ғылым министрлігі Жастар істері комитетінің төрағасы; ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің Жастар саясаты департаментінің директоры болып қызмет атқарған. Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары (2017-2019); Nur Otan партиясының хатшысы(08.2019-12.2019); ҚР Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі (2019-2020). Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы (02.2021-09.12.2022).

Қазіргі қызметін 2022 жылдың желтоқсан айынан бері атқарып келеді.

«Қазақстан Республикасының Парламентіне 10 жыл» (2005), «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл» (2011) медальдарымен марапатталған;