13 шілдеден бастап «Қазақстан» арнасынан «Құтқарушы» атты жаңа телехикая көрсетіле бастайды
Көркем телехикаяның сюжеті «экшн» жанрында және шынайы оқиғалар негізінде түсірілген. Жоба ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі бөлімдері құтқарушыларының күнделікті өміріне арналған.
«Бұл ТЖМ қызметі туралы Қазақстанда түсірілген тұңғыш фильм. Оған тек кәсіби актерлер ғана емес, сонымен қатар, құтқарушылардың өздері де түсті», - деп атап өтті І. Ысқақов.
«Түсіру жұмыстары оңай болған жоқ. Біз теңіз деңгейінен 3,5 мың метр биіктікте жұмыс істедік. Түсіру тобының кейбір мүшелері ол жерге бара алмай қалды. Біз оларға еш ренжімейміз, себебі ол жердегі қысым шынымен де тым жоғары болды. Біз оқиғаның барынша шынайы түсірілгенін қаладық», - деп атап өтті қоюшы режиссер, актер Тоқтар Қарсақбаев.
12 бөлімнен тұратын телехикая 13 шілде күні сағат 12:50-ден бастап көрерменге жол тартады.