13 тамыз. Туған күн иелері

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін, яғни 13 тамыз күні тұлғалардан кімдер дүниеге келген? ҚазАқпарат оқырмандарына есімдер күнтізбесін ұсынады.
None
None

ЕСІМДЕР

80 жыл бұрын (1941) белгілі филолог-ғалым, филология ғылымдарының кандидаты, қоғам қайраткері, «Мемлекеттік тілге құрмет» қоғамдық бірлестігінің төрайымы, «Мемлекеттік тіл» республикалық қозғалысы төрағасының орынбасары, Алматы облыстық әзербайжан мәдениет орталығының төрайымы, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі, Алматы облысының және Түркістан облысындағы Түлкібас ауданының құрметті азаматы Асылы Әлиқызы ОСМАН дүниеге келді.

Грузияда туған. Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық институтын, ҚазССР Ғылым академиясы Тіл білімі институтының аспирантурасын бітірген. 1969-1993 жылдары - ҚазССР Ғылым Академиясы Тіл білімі институтының аспиранты, кіші, аға ғылыми қызметкері. 1993-1997 жылдары - ҚР Тіл комитетінің, ҚР ұлт саясаты жөніндегі мемлекеттік комитетінің бөлім бастығы, басқарма бастығы. «Тұран» Әзербайжан мәдени орталығының вице-президенті болды. 1997 жылдан зейнет демалысында.
«Парасат», екінші дәрежелі «Достық» ордендерімен марапатталған.

53 жыл бұрын (1968) Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт вице-министрі Ерлан Тоқтарханұлы ҚОЖАҒАПАНОВ дүниеге келген.

Алматы облысында туған. 1992 жылы Қарағанды мемлекеттік университетін экономист, 1999 жылы — Алматы мемлекеттік университетін қаржыгер мамандығы бойынша тәмамдады. 2006 жылы РФ Мемлекеттік Кеден комитетінің Ресей Кеден академиясын заңгер мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 1987 жылы бастаған. 1990–1994 жылдары кәсіпкерлік қызметпен айналысқан. «Қазкоммерцбанк» АҚ қызметкері (1994-1997); 1997–1998 жылдары мемлекеттік органдар мен кәсіпорындарда жұмыс істеген.

Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл облыстарының кеден басқармасының бастығы (1998-2002); Алматы қаласы кедендік бақылау департаментінің бастығы (2002-2006); Астана қаласы Алматы ауданының әкімі (2006-2007); Астана қаласы әкімінің орынбасары (2007-2013); ҚР спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің төрағасы (01.2013-11.2013); ҚР Футбол федерациясының президенті (2014-2016); «Астана» Президенттік кәсіби спорт клубының бас директоры (2015-2016); ҚР Премьер-Министрінің кеңесшісі (2016-2017). Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт вице-министрі (2017-2019). 2019-2021 жылдары Алматы қаласы әкімінің орынбасары.

Қазіргі қызметінде 2021 жылдың сәуір айынан бері.

2 дәрежелі «Айбын» орденімен, «Құрмет» орденімен марапатталған.

40 жыл бұрын (1981) «Қазақстанның даму банкі» АҚ басқарма төрағасы Абай Серікұлы САРҚҰЛОВ дүниеге келді.

Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетін «Банк ісі» мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 2003 жылы банк саласында валюталық операциялар жөніндегі менеджерліктен бастаған. 2006-2007 жылдары «Алма-Ата» Халықаралық банкі» АҚ филиалы директорының орынбасары міндетін атқарған. 2007 жылдан бастап «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ қызмет атқарды. ҚДБ-де жобаларға несие беру департаментінің менеджері, бас менеджер, басқарма бастығы, Жобалық дирекция басшысының орынбасары және Жобалық дирекция басшысы, Басқарушы директор қызметтерін атқарды. 2014 жылдың шілдесінен бастап «ҚДБ-Лизинг» АҚ-ның Директорлар кеңесінің мүшесі. 2016-2017 жылдары - Қазақстанның Даму Банкі басқарма төрағасының орынбасары. 2017 жылдың ақпан айынан «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ басқармасының төрағасы.

Қазіргі қызметінде – 2019 жылдың сәуірінен.

28 жыл бұрын (1993) Ауыр атлетикадан 2016 жылғы Олимпиада чемпионы, 2015 жылы әлем чемпионы Нижат РАХИМОВ дүниеге келді.

Баку қаласында туған.

2010 жылдың мамыр айында Валенсияда (Испания) өткен жастар арасындағы Еуропа чемпионатына іріктеу турында 290 келі көтеріп, бірінші орын алды.

2010 жылы 17 тамызда жастар арасында Сингапурда өткен жазғы Олимпиада ойындарының жеңімпазы атанды. Нижаттың бапкері екі дүркін әлем чемпионы Низами Пашаев болған.

2013 жылы Рахимов Қазандағы жазғы Универсиадада Әзербайжанның намысын қорғап, Әзербайжан құрамасының туын көтеріп шықты. Сол жылы Перудегі жасөспірімдер чемпионатында екінші орын алды.

2013 жылдың жазында допингке тексеру кезінде 18 әзербайжандық штангашы спорттан шеттетілді.

2014 жылдың жазында Нижат Рахимов Қазақстан азаматтығын қабылдап, ел құрамасының сапында жарысқа қатысуға келісім берді.

Екі жылдық спорттан шеттету мерзімі біткен соң, Рахимов Қазақстан құрамасы сапында 85 келіге дейінгі дәрежеде Қытайға жарысқа барып, төртінші орын алды.

2015 жылы қараша айында Хьюстонда өткен әлем чемпионатында үздік нәтиже көрсетіп, Қазақстанға жеңіс сыйлады.

2016 жылы Рио-де-Жанейрода өткен Олимпиада ойындарында жұлқа көтеруде 214 келіні бағындырып, әлемдік рекордты жаңартты.


Соңғы жаңалықтар