13 тамызда Астанада кейбір көшелердегі қозғалыс ішінара шектеледі

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада кейбір жолдарда орташа жөндеу жүргізілуіне байланысты ішінара жабылады, деп хабарлады әкімдіктің ресми сайты.

13 тамызда Астанада кейбір көшелердегі қозғалыс ішінара шектеледі

Жөндеу жұмыстары Бөгенбай батыр даңғылы бойынша Сарыарқа даңғылынан Бекетай көшесіне дейін 13-18 тамыз күндері жүргізіледі.

Тәуелсіздік даңғылы бойынша Момышұлы даңғылынан Байтұрсынов көшесіне дейін 13 тамыздан 5 қыркүйекке дейін қозғалыс шектеледі.

Жүргізушілер алдын ала өз жолбағыттарын жоспарлауы тиіс.