13 жасар қызды зорлау дерегі бойынша қылмыстық іс әскери прокурорлардың ерекше бақылауында

АСТАНА. Мамырдың 8-і. ҚазАқпарат – Кәмелетке толмағандарға қарсы қылмыстар әскери прокурорлардың ерекше бақылауына алынып отыр,

13 жасар қызды зорлау дерегі бойынша қылмыстық іс әскери прокурорлардың ерекше бақылауында
деп хабарлайды ҚазАқпарат Бас прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Үстіміздегі жылдың 1 тоқсанында кәмелетке толмағандарға қарсы жасалынған қылмыстың үлес салмағы республика бойынша тіркелген жалпы қылмыстардың 5 пайызға жуығын құрап отыр. Әскери құқық қорғау органдары бойынша бұл көрсеткіш әскери қызметшілер жасаған қылмыстардың 0,4 пайызын құрап отыр. Алайда, балалар құрбан болып келетін осы санаттағы қылмыстардың қоғамдық қаупі мен қатыгездігі азайып отырған жоқ. Мәселен үстіміздегі жылы мамырдың 13-інде Шығыс Қазақстан облысының Зырянов қаласында түнгі сағат 1-де аға лейтенант К. ішімдікке сылқия тойып алып, 1996 жылы туылған, кәмелетке толмаған Н. есімді қыз баланы зорлаған.Бір тәуліктен кейін Ішкі істер министрлігінің Өскемен Әскери-тергеу басқармасы осы факті бойынша офицерге қатысты қылмыстық іс қозғаған, ал аталған гарнизонның әскери соты оны қамауға алу туралы шара қабылдаған. Осы қылмыстық істің тергелу барысы Өскемен гарнизонының әскери прокурорының жеке бақылауында, іс бойынша жазбаша түрдегі нұсқаулар берілді.