13 жасар Заңғар Нұрланұлы Еуропа рейтингісінде бес ай бойы көш бастап тұр

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстандық Заңғар Нұрланұлы 14 жасқа дейінгілер арасында Еуропа рейтингісінде бес ай бойы көш бастап келеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

13 жасар Заңғар Нұрланұлы Еуропа рейтингісінде бес ай бойы көш бастап тұр

Қазақстан теннис федерациясы мәлім еткендей, Tennis Europe ұйымы Монте-Карло қаласында биыл күзде өтетін Junior Masters жарысына орай жаңартылған рейтингті жария етті.

Қазақстандық Заңғар Нұрланұлы 520 ұпаймен бірінші орында тұр.

Дамир Жалғасбай 42-ден 34-орынға жоғарылады. Тағы бір қазақстандық Даниэль Тазабеков 44-сатыға жайғасты.

Қыздар арасында Софья Исакова үздік жүздікке енді. Ева Корышева 560-тан бірден 328-орынға көтерілді.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Елена Рыбакинаның Ролан Гаррос екінші айналымға шыққанын жазған болатынбыз.

Сондай-ақ қазақстандық теннисшілер Ролан Гаррос турнирінде алғашқы кездесулерін сәтті өткізді.