13 жастағы ақтаулық футболшылар Түркиядағы халықаралық турнирдің қола жүлдесіне таласуда

АЛМАТЫ. 30 наурыз. ҚазАқпарат - Бүгін Түркияның Анталия қаласында футболдан өтіп жатқан «Түрік демалыстары» халықаралық турнирінде 2000 жылғы жасөспірімдердің ақтық ойындары өтеді.

13 жастағы ақтаулық футболшылар Түркиядағы халықаралық турнирдің қола жүлдесіне таласуда

Онда қазақстандық үш команда 3-6 орындарға таласуда. Атап айтқанда, Ақтаудың «Каспий» командасы Ресейдің Мәскеу қаласының «ФШМ» командасымен 3-ші орын үшін таласуда. Олар Ресейдің Краснодар қаласының №5 дарынды балаларға арналған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің оқушыларымен ширек финалда ойынның негізгі уақытында 1:1 есебімен тең түсіп, пенальти арқылы 3:1 болып басым түскен болатын. Алайда жартылай сында Мәсекеудің «Торпедосына» дәл осындай жағдайда есе жіберді.

Ал Алматы қаласының №2 дарынды балаларға арналған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі мен «Қайрат» футбол клубының жас ойыншылары 5-ші орынды сарапқа салуда. №2 мектептің аяқдопшылары ширек финалда Ресейдің Мәскеу облысының «Мастр-Сатурн» командасына 1:2 болып ұтылып, жартылай сында Мәскеу қаласының «Академия Строгина» командасын 2:0 етіп ұтқан болатын. «Қайраттықтар болса мәскеулік «Торпедоға» 2:3 есебімен ұтылып, краснодарлық №5 мектептің оқушыларын 3:2 есебімен жеңген еді. «Мастер-Сатурн» мен «Торпедо» болса енді бірінші орын үшін өзара күш сынасауда.