13 желтоқсан. Туған күн иелері
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚазАқпарат 13 желтоқсанға арналған «Туған күн иелері» күнтізбесін ұсынады.
ЕСІМДЕР

Екінші дүниежүзілік соғысқа қатысқан. Алматы облысында туған. Қазақ мемлекеттік университетін (Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университет), Қазақстан Ғылым Академиясының аспирантурасын бітірген. 1954-1995 жылдары - Қазақстан Республикасы Ғылым Министрлігі - Ғылым академиясы А.Байтұрсынов атындағы Тіл білімі институтының ұйғыр-дүнген мәдениеті секторының кіші ғылыми қызметкері, шығыстану секторының аға ғылыми қызметкері, ұйғыр филологиясы бөлімінің меңгерушісі, директордың ғылыми жұмыстар жөніндегі орынбасары, директоры қызметтерін атқарған. 1995 жылдан - Қазақстан Республикасы Ғылым Министрлігі - Ғылым академиясы А.Байтұрсынов атындағы Тіл білімі институтының құрметті директоры. Негізгі ғылыми ізденістері қазақ және ұйғыр тілдері және жалпы салыстырмалы түркітану, сөзтану, этимология, ономастика, терминология, семасиология, фразеология, паремиология мәселелерін зерттеуге арналған. Елдегі тіл саясатына белсенді араласып, қазақ тілінің мемлекеттік деңгейде қолданылуына қатысты елеулі ат салысты. Ш.Уәлиханов атындағы сыйлықтың иегері. Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының құрметті президенті. Башқұртстан Ғылым Академиясының құрметті академигі. «Известия НАН РК», «Советская тюркология» ғылыми, ғылыми-танымдық журналдарының редакторы, редакциялық алқасының мүшесі. 3 дәрежелі «Даңқ», екі мәрте «Қызыл Жұлдыз», екі мәрте «Отан соғысы», «Халықтар достығы», «Отан», «Құрмет белгісі» ордендерімен, «Ана тілінің айбары» алтын белгісімен, медальдармен марапатталған.

Омбы облысында (РФ) дүниеге келген. Омбы мемлекеттік университетін «тарих» мамандығы бойынша тәмамдаған. Еңбек жолын 1991 жылы «Қазақ тілі» халықаралық қоғамдастығы Омбы бөлімшесінің қызметкері ретінде бастаған. 1994-1996 жылдары Қазақ құқықтану және халықаралық қатынастар институтының аға оқытушысы болған. 1996-2003 жылдары ҚР ІІМ (ӘМ) Павлодар заң колледжінде бірқатар қызметтер атқарған. 2003-2004 жылдары С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің ежелгі және орта ғасыр тарихы кафедрасының меңгерушісі қызметін атқарған. 2004-2011 жылдары Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде тарих кафедрасының меңгерушісі, ректор кеңесшісі, Дүниежүзі тарихы және археология кафедрасының меңгерушісі, Әлеуметтік ғылымдар факультетінің деканы және әкімшілік-шаруашылық жұмыстар бойынша проректор қызметтерін атқарған. 2011-2017 жылдары ЕҰУ бас ғылыми қызметкері, Қазақстан тарихы кафедрасының профессоры және «Еуразия» ғылыми-зерттеу орталығының директоры болған. Қазіргі қызметінде – 2017 жылдың шілдесінен.

Қазақ мемлекеттік заң академиясын тәмамдаған, заң ғылымдарының кандидаты. Еңбек жолын 2002 жылы әділет органдарында бастады. 2005 және 2009 жылдар аралығында ҚР Премьер-Министрі Кеңсесінде, кейін ҚР Президенті Әкімшілігінде әртүрлі лауазымдар атқарды. 2009-2012 жылдары ҚР Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және құқықтық көмек көрсету комитеті төрағасының орынбасары болды. 2012-2014 жылдары ҚР қаржы органдарында қызмет етті. 2015-2016 жылдары Астана қаласы Мемлекеттік сатып алу басқармасының басшысы, Астана қаласы әкімінің аппарат басшысы, ҚР Президенті Хатшылығының меңгерушісі. 2016-2017 жылдары Жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы департаментінің басшысы қызметін атқарды. 2017 жылы Ақмола облысы әкімінің орынбасары болған. 2018-2019 жылдары - ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары. Қазіргі қызметінде - 2019 жылдың маусымынан.