13 жыл бой тасалаған қылмыскер Жамбыл облысында қолға түсті

ТАРАЗ. KAZINFORM –  13 жылдан астам уақыт бойы жасырынып келген қылмыскер Жамбыл облысының ауылдарының бірінде ұсталды, деп хабарлайды Polisia.kz.

13 жыл бой тасалаған қылмыскер Жамбыл облысында қолға түсті
Фото: Polisia.kz

2011 жылы Арқалық маңында бір тоннадан астам марихуана тасымалдаған қылмыстық топ ұсталды. Операция барысында сегіз адам қамауға алынды, бірақ күдіктілердің бірі жасырынып үлгерген.

Іздеу жұмыстарын тоқтатпаған тәртіп сақшылары қаскүнемді құрықтады. Ағымдағы жылдың қараша айында ІІМ криминалдық полиция департаментінің қызметкерлеріне іздеуде жүрген адамның Жамбыл облысының ауылдарының бірінде екендігі туралы жедел ақпарат келіп түсті. Жүргізілген жедел–іздестіру іс-шараларының нәтижесінде күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Бүгін сондай-ақ халықаралық іздеу жарияланған Дәуренбек Қожабаев ұсталғанын жазған болатынбыз.

Соңғы жаңалықтар