13 жыл бойы іздеуде жүрген қандықол қылмыскер Талдықорғанда ұсталды - ІІМ
АСТАНА. 23 ақпан. ҚазАқпарат /Арман Асқаров/ - Алматының Криминалдық полиция қызметкерлері 13 жыл іздеуде болған Шығыс Қазақстан облысының 35 жастағы тұрғынын Талдықорған қаласында ұстады.
Бұл туралы бүгінгі баспасөз мәслихатында ҚР Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Қуанышбек Жұманов мәлім етті.
Оның хабарлауынша, қылмыскер осыдан 13 жыл бұрын қарақшылық жасау мақсатымен Алматы қаласының 50 жастағы тұрғынын шолақ мылтықпен атып, оның үйіне баса-көктеп кірген. Содан кейін мерт болған отағасының 14 жастағы қызын зорлап, аса ірі көлемде ақша ұрлап кеткен. «13 жыл бойы бой тасалап жүрген қандықол қылмыскерді полиция қызметкерлері құрықтады. Қазіргі кезде оның тағы басқа осындай қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексерілуде», - дейді Қ.Жұманов.