13 жыл бұрын қолды болған аса құнды қола мүсін Франциядан табылды
АСТАНА. 25 маусым. ҚазАқпарат - 1999 жылы Гере коммунасы Бейнелеу өнері және археология мұражайынан ұрланған Огюст Роденнің қола мүсіні табылды.
Бағалы экспонаттың ізі Францияның Луар алқабындағы шағын провинциалды қалашықтан шықты.
Утро.ру хабарлағандай, Роденнің ғашығы Камилла Клодель істеген қола мүсін шамамен 1 миллион еуроға бағаланады. Ол антиквариат сататын сатушының көлігінен табылған, полицейлер бірнеше апта бойы Лиондағы бірқатар тонаушылық қылмысқа байланысты оның ізіне түсіп жүрген еді.
Дегенмен әзірше қамауға алынған адамның бюстті ұрлауға қатысы бар ма, жоқ па ол жағы әзірге беймәлім болып отыр.