130 жыл бұрын ең алғаш таспаға жазылған Құран

АСТАНА. ҚазАқпарат - Жер бетіндегі қасиетті Құран алғашқы таспаға жазылған дыбыстық нұсқасына биыл 130 жыл толып отыр, деп хабарлады www.muslim.kz.

130 жыл бұрын ең алғаш таспаға жазылған Құран

Ең алғашқы аудио нұсқа Мекке шаһарында басылған көрінеді. Алайда, оқыған имамның аты-жөні белгісіз.

Жазба 1885 жылы фонографқа жазылған. Томас Эдисон есімді ғалым ойлап тапқан бұл құрылғы дауысты жазып және қайта ойнататын ең алғашқы аспап болып табылады. Дауыс жолағы фонографтың ішіндегі цилиндрге оралған күйі айналдырғыш барабанда ойнатылады.

Сол уақытта түсірілген суреттер төмендегі видеода қолданылған.