1300 жұмысшының салығы төленбеген: Жамбылда 140 млн теңге бюджетке қайтарылды

АСТАНА. KAZINFORM — Жамбыл облысы Талас ауданының прокуратурасы салық заңнамасының бұзылуын анықтап, 140 млн теңгенің төленуін қамтамасыз етті.

Биылдан бастап Қазақстанда жаңартылған салықтық шегерімдер жүйесі енгізілді
Фото: Астана қаласының әікмдігі

Талас ауданы прокуратурасы салық заңнамасының сақталуына талдау жүргізді. Талдау барысында аудандық көпбейінді орталық ауруханасы және ірі салық төлеуші кәсіпорынмен 2025 жылдың қыркүйек-желтоқсан айларында нөлдік көрсеткішпен салықтық есептілікті тапсыру арқылы 1300 жұмысшының әлеуметтік және жеке табыс салықтары бюджетке төленуінен жалтару дерегін анықтады.

— Талас ауданы прокуратурасымен енгізілген прокурорлық ықпал ету актісі негізінде заңбұзушылықтар жойылып, мемлекетке 140 млн теңге салықтын төленуі қамтамасыз етілді. Салық заңнамасының сақталуы және бюджеттің уақтылы толықтырылуы мәселелері аудан прокуратурасының ерекше бақылауында, — делінген хабарламада.

Бұған дейін прокуратура араласқаннан кейін педагогтерге 7,2 млн теңге төленгенін жазғанбыз.