14, 16 және 18 мамыр күндері «Ел Арна» телеарнасы «Еуровидение - 2013» байқауының тікелей эфирдегі көрсетілімін ұсынады

АСТАНА. 14 мамыр. ҚазАқпарат - «Ел Арна» телеарнасы Қазақстан аумағында экслюзивті «Еуровидение - 2013» байқауының тікелей эфирдегі көрсетілімін 14, 16 және 18 мамыр күндері ұсынады.

14, 16 және 18 мамыр күндері «Ел Арна» телеарнасы «Еуровидение - 2013» байқауының тікелей эфирдегі көрсетілімін ұсынады

Ол жайында «Хабар» агенттігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Швед қаласы Мальмёде «Еуровидение-2013» 58-музыкалық байқауы басталды. Биылғы жылы бұл байқауға 39 елден әртістер қатыспақ.

Дәстүр бойынша «Ел Арна» телеарнасы бұл орасан музыкалық шоуды тікелей эфирде 14, 16 және 18 мамыр күндері Астана уақыты бойынша сағат 01.00-де көрсетеді.

«Еуровидение» байқауына қазақстандықтарға музыкалық сараптамашылар Роман Райфельд пен Қалдыбек Жайсаңбай түсіндірме беріп отырады.

Әлемдік басылымдар биылғы «Еуровидение» байқауының қарапайымдығын, дайындық қарқыны бұрынғыдай құлашын кеңге жаймағанын атап та үлгерді. Алайда бұл байқауға деген қызығушылықты азайта қойған жоқ, байқау бұрынғысынша әлі күнге дейін 500 млн.-нан астам адамның басын қосатын, әлемдегі ең әйгілі мәдени шара болып отыр.

Бұл ән байқауының символы елдердің алуан түрлілігін бейнелейтін түрлі-түсті көбелек болды, ал ұраны - We Are One (Біз біртұтаспыз).

«Еуровидение-2013» байқауының әнұранын жазғандар АВВА тобының қатысушылары - 1974 жылғы байқаудың жеңімпаздары Бьорн Ульвеус пен Бенни Андерсон. Дәстүр бойынша үш жүргізушінің орнына Швеция ірі көлемдегі музыкалық байқауды бір ғана адамға - швед әзілқойы Петра Медеге сенуге тәуекел жасап отыр.

Көптеген қазақстандықтар ресейлік Дина Гариповаға жанкүйер болады. Байқауға қатысушылардың алдыңғы қатарында қазірдің өзінде Даниядан келген Эмели де Форес тұр, ол биыл Melodi Grаnd Prix байқауының даниялық нұсқасында жеңімпаз атанған.

«Еуровидение-2013» байқауы көрсетілімінің кестесімен сіздер «Ел Арна» телеарнасының ресми сайтынан таныса аласыздар www.elarna.kz