14 қаңтар күні елордада өтетін маңызды шаралар аңдатпасы

АСТАНА. ҚазАқпарат – «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігі 14 қаңтар күні астанада өтетін маңызды шаралар аңдатпасын ұсынады.

14 қаңтар күні елордада өтетін маңызды шаралар аңдатпасы

10.00-де Астана қалалық мәслихаттың мәжіліс залында «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 77-бабына сәйкес, ҚР Парламенті Сенатының депутаттарын сайлау жөніндегі таңдаушылардың бірлескен отырысы өтеді.

11.00-де Орталық сайлау комиссиясының интернет-ресурсы арқылы сайлаушыларды тіркеуді және дауыс берудің алдын ала қорытындыларын шығаруды онлайн-байқау сервистері жұмысын бастайды.

19.00-де Қ. Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық-драма театрында «Алтайдан ауған ел» драмасы қойылады.

19.00-де Жастар театрында «Экзамен» спектаклі көрсетіледі.