14 қаңтар. Туған күн иелері
ЕСІМДЕР
115 жыл бұрын (1904-1973) қазақтың әйгілі кескіндемешісі, график-суретші, қазақ бейнелеу өнерінің негізін салушылардың бірі, Қазақ КСР-інің халық суретшісі, Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген өнер қайраткері, Ш.Уәлиханов атындағы Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Әбілхан ҚАСТЕЕВ дүниеге келді.
Алматы облысының Жаркент ауданында туған. Алматы қаласында және Мәскеу қаласында көркемсурет студиясында оқыды. 1954-1956 жылдары Қазақ КСР Суретшілер одағы басқармасының төрағасы қызметін атқарды. Оның алғашқы көрмеге қойылған туындылары - «Тігін үстінде», «Мектепке», «Автопортрет», «Көгілдір көйлекті қыз», «Қарындасымның портреті». Суретшінің «Ғ.Мұратбаев», «А.Құнанбаев», «Ж.Жабаев», «А.Иманов», «К.Әзірбаев» сияқты портреттік туындылары жоғары таным-талғамның үлгісі. Тарихи тақырыптағы «Түрксіб», «Амангелді сарбаздары», «Колхоз тойы», «Қалыңдық», т.б. көркем туындыларынан Қастеев қаламына тән қасиет - эпикалық ауқымдылық, ұлттық бояудың айқындығы көрінеді. Суретші халқымыздың тұрмыс-тіршілігін дәл бейнелеп, ұлттық дүниетаным аясында тың композициялық шешім таба білді. Оның «Киіз үйдің ішкі көрінісі», «Қыз Жібек», «Қыз ұзату», «Қос құрбы», «Келін түсіру» тағы басқа шығармалары ұлттық қазынамызға айналды. Суреткер Қастеев қазақ халқының салт-дәстүрінің озығы мен тозығын ажыратып, кертартпа кемшіліктерді ашына бейнеледі. Мысалы, «Кедей мен бай құдық басында», «Құрғақшылық кезінде молданың жылу жинауы», «Қыз алып қашу» шығармалары осының дәлелі. Оның ұлтына, туған жерге, отанына сүйіспеншілігі шығармаларында шынайы көрініс тапты. Қылқалам шебері сурет өрнектерінің сырлы бояуын, ұтымды қолданып, бейнелеу өнерінде мәдениет тарихының, республикалық қоғамдық өмірдің жылнамасын жасады. Абай мен Қастеев арасындағы нәзік байланыс дүниені эстетикалық-көркемдік тұрғыдан танудың, өнер өзектестігінің, рухани сабақтастықтың көрінісі. Абай тұлғасы Қастеевтің сүйікті кейіпкері болды. Ол Абайдың келбетін әр қырынан сомдады. Суретшінің қылқаламынан туындаған «Абай киіз үй алдында», «Жас Абай», «Абай жаз жайлауда» және «Бүркітші», «Қыс», «Жаз», «Көктем» атты шығармалары осыған дәлел. Шымкент қаласындағы өнер училищесі, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік өнер мұражайы Қастеевтің атымен аталады. «Қазан төңкерісі», 2 мәрте «Еңбек Қызыл Ту», «Құрмет Белгісі» ордендерімен марапатталған.
58 жыл бұрын (1961) Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Қабиден Қайырбекұлы СӘДУАҚАСОВ дүниеге келген.
Қазіргі Ақмола облысында туған. 1983 жылы целиноград ауыл шаруашылық институтын зоотехник мамандығы бойынша, 2002 жылы Қазақ гуманитарлық-заң университетін заңгер мамандығы бойынша тамамдады.
Еңбек жолы: 1983 жылы Целиноград облысы Макин ауданы «Суворов» совхозында зоотехник лауазымында бастады. «Суворов» совхозының комсомол комитетінің хатшысы, одан әрі Целиноград облысы Макиндегі Қазақстан ЛЖОК ІІ хатшысы және І хатшысы болып жұмыс істеді (1984-1990); Целиноград облысы Макин ауданы «Ерголь» совхозының бас зоотехнигі (1990-1993); Макин аудандық ауыл шаруашылығы басқармасының бас маманы (1993-1994); Макин ауданы әкімі аппаратында тілдер жөніндегі бөлімнің меңгерушісі, аудандық комитеттің ұлттық саясат жөніндегі меңгерушісі, ішкі саясат және әлеуметтік сала секторының меңгерушісі (1994-1997); кәсіпкерлікпен қызметте (1997-2008); «Нұр Отан» ХДП қалалық филиалында төрағаның бірінші орынбасары (2008-2009); Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің «Астана» КМК директоры (2009-2011). Солтүстік Қазақстан облыстық білім басқармасында бас маман (2011).
Қазіргі лауазымын 2011 жылдың тамызынан бері атқарып келеді.
55 жыл бұрын (1964) Шымкент қалалық сотының төрағасы Ербол Мұхажанұлы РАХЫМБЕКОВ дүниеге келді.
1989 жылы Қарағанды мемлекеттік университетін тәмамдап, заңгер мамандығына ие болды. Сот жүйесінде 1991 жылдан бастап халықтық судьяның міндетін атқарушы, халықтық судья, судья болып қызмет атқарды. Қазақстан Республикасы Президентінің 1996 жылғы 15 қарашадағы Жарлығымен Қарағанды облысының Нұра аудандық сотының төрағасы қызметіне тағайындалды. 2000-2010 жылдар аралығында Қарағанды облысының Октябрь аудандық сотының құрамындағы Киров сот учаскесінің аға судьясы, Октябрь ауданының № 3 аудандық сотының судьясы, Октябрь ауданының № 3 аудандық сотының төрағасы, Теміртау қалалық сотының төрағасы, Қарағанды қаласының Қазыбек би аудандық сотының төрағасы лауазымдарында қызмет етті. Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 9 қарашадағы Жарлығымен Солтүстік Қазақстан облыстық сотының апелляциялық сот алқасының төрағасы қызметіне тағайындалды. Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 2 шілдедегі Жарлығымен қылмыстық істер жөніндегі апелляциялық сот алқасының төрағасы қызметіне тағайындалды. Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 17 маусымдағы Жарлығымен Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасы қызметіне тағайындалды. Қазақстан Республикасы Жоғарғы сотының судьясы (2015 жылдан); ҚР Жоғарғы Сотының БАҚ-пен ынтымақтастық жөніндегі үйлестіруші судьясы (2016-2018).
Қазіргі лауазымына 2018 жылдың қазан айында тағайындалды.
51 жыл бұрын (1968) Шығыс Қазақстан облысы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының басшысы Елена Васильевна СТАРЕНКОВА дүниеге келген.
Семей қаласында туған. Қарағанды мемлекеттік университетін орыс тілі және әдебиет мамандығы бойынша бітірген (1990).
Еңбек жолы: Семей қаласындағы № 2 орта мектептің орыс тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі (1992-1994); Курчатов қаласындағы № 2 мектеп-лицей директорының тәрбие жұмыстары жөніндегі орынбасары (1994-2000); Жеке еңбек шарты бойынша Курчатов қаласы әкімінің әлеуметтік мәселелер бойынша орынбасары (10.2001-12.2001); ШҚО «Курчатов қаласы әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесінің ішкі саясат және әлеуметтік сала бөлімінің басшысы (2001-2004); Курчатов қаласы әкімі аппаратының басшысы (04.2004-11.2004); Шығыс Қазақстан облысы Курчатов қаласы әкімінің орынбасары (2004-2016).
Қазіргі лауазымына 2016 жылы тағайындалды.
42 жыл бұрын (1977) Атырау облысы әкімінің орынбасары Нұрсәуле Сайлауқызы САЙЛАУОВА дүниеге келген.
Атырау облысында туған. Қазақ қыздар мемлекеттік педагогикалық институтын бітірген, психолог (1997); "Болашақ" халықаралық білім беру бағдарламасының стипендиаты (2004).
Еңбек жолын 1997 жылы Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінде аспирант болып бастаған. Алматы қаласындағы 167 мектепте психолог болды (2001-2002). Қазақ мемлекеттік педагогикалық университетінде түрлі лауазымдар атқарды (2002-2008); Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің педагогика, психология жəне өнер факультетінің деканы (2008-2012); Жастар орталығының директоры (2012-2013); мектепке дейінгі жəне бастауыш білім беру кафедрасының доценті (2013-2014); Атырау қалалық білім беру бөлімінің басшысы (2014-2015); Атырау облыстық білім беру басқармасының басшысы (2015-2017 ).
Қазіргі қызметін 2017 жылдың желтоқсан айынан бері атқарып келеді.
35 жыл бұрын (1984) «Қазақстанның инвестициялық қоры» АҚ басқарма төрағасы Ермек Рахатұлы СӘКІШЕВ дүниеге келген.
Қазақ Мемлекеттік Құқық университетін, Қазақ менеджмент, экономика және болжау инстиутын бітірген.
Еңбек жолын 2005 жылы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінде жетекші маман лауазымынан бастаған; жеке сектор компанияларында қызметте (2005-2007), Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігінде сарапшыдан бастап әлеуметтік-экономикалық мониторинг секторының меңгерушісіне дейінгі сатыларда қызмет еткен (2008-2011); «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ-да инновациялық саясат департаментінің директоры (2011-2012); жеке сектор компанияларында басшылық лауазымдарын атқарған (2012-2014); «Байтерек девелопмент» АҚ басқарма төрағасының орынбасары (2015 жылдан).