17:01, 10 Қаңтар 2024 | GMT +5
14 қаңтардан бастап Қостанайдан Түркістанға әуе рейсі ашылады
Авиарейстердің құны бір бағытта 27 000 теңгені құрайды, деп хабаралайды Kazinform.
Әуе сапарларының қолжетімділігін арттыру және ішкі туризмді дамыту мақсатында QAZAQ AIR әуекомпаниясы 14 қаңтардан бастап Қостанай-Түркістан-Қостанай бағыты бойынша әуе рейсін іске қосады. Рейстер сейсенбі және жексенбі күндері, яғни аптасына 2 рет кесте бойынша орындалады.
Субсидияланатын әлеуметтік маңызы бар авиарейстердің құны бір бағытта 27 000 теңгені құрайды. 14 жасқа дейінгі балаларға 50% жеңілдік бар. Қол жүгін тасымалдау нормасы 5 келі болса, багаж 20 келі.
Ұшу күнін өзгерту және билеттерді қайтару тегін.
Айта кетейік, бұдан бұрын Түркістаннан Әбу-Дабиге 20 000 теңгемен баруға болатындығын жазған болатынбыз.