14 қараша. Туған күн иелері

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін, яғни 14 қараша күні тұлғалардан кімдер дүниеге келген? ҚазАқпарат оқырмандарына есімдер күнтізбесін ұсынады.

14 қараша. Туған күн иелері


ЕСІМДЕР

74 жыл бұрын (1947) Қазақстан Республикасы Парламент Сенаты жанындағы Сенаторлар кеңесінің мүшесі Қуаныш Айтаханұлы АЙТАХАНОВ дүниеге келді.

Оңтүстік Қазақстан облысында туған. Мәскеу мал дәрігерлік академиясын, Алматы жоғары партия мектебін бітірген. Мал дәрігері, саясаттанушы. Экономика ғылымдарының кандидаты. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесі он екінші шақырылымының депутаты болып сайланған. Оңтүстік Қазақстан облысының Арыс қаласы, Созақ, Сайрам және Отырар аудандарының әкімі болып қызмет істеген. ҚР Парламенті Сенатының депутаты, Табиғатты пайдалану және ауылдық аумақтарды дамыту комитетінің мүшесі, Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің Парламентаралық Ассамблеясының. Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Құрама Корольдігінің Парламентімен, Жапония Кеңесшілер Палатасымен ынтымақтастық тобының мүшесі болды.

«Құрмет белгісі», «Құрмет», «Парасат» ордендерімен және бірнеше медальмен марапатталған.

57 жыл бұрын (1964) Атырау облысының прокуроры Халидулла Зиноллаұлы ДӘУЕШОВ дүниеге келді.

Атырау облысы, Махамбет ауданында туған. 1991 жылы С.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін бітірген.

Прокуратура органдарындағы қызметін 1991 жылы бұрынғы Гурьев облысы Гурьев қалалық прокуратурасының тәлімгері болып бастаған. 1992-1994 - Атырау қаласы прокурорының көмекшісі. 1994-1999 – Атырау облыстық прокуратурасының бөлім прокуроры, бөлім аға прокуроры, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының сақталуын қадағалау бөлімінің бастығы. 1999-2002 – Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының әлеуметтік-экономикалық салада заңдылықты қадағалау бойынша департаментінің аға прокуроры, Арнайы прокурорлар және жедел-іздестіру қызметінің заңдылығын қадағалау департаментінің аға прокуроры. 2002-2012 - Батыс Қазақстан облысы Орал қаласының прокуроры, Атырау облысының Жылыой және Мақат ауданының және Атырау қаласының прокуроры. 2012-2016 – Жамбыл және Батыс Қазақстан облысы прокурорының орынбасары. 2016-2019 жылдары Қызылорда облысының прокуроры болды.

Қазіргі қызметінде – 2019 жылдың сәуірінен.

48 жыл бұрын (1973) Маңғыстау облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі апелляциялық сот алқасының төрағасы Ержан Өсерханұлы ҚАРАБАЕВдүниеге келді.

Түркістан облысы Төле би ауданы Алғабас ауылында дүниеге келген. 1995 жылы Қ.А.Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетін тәмамдаған.

Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша мемлекеттік тергеу комитеті басқармасында, Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының жетекші маманы, бас маманы, Мақтаарал аудандық сотының судьясы, Мақтаарал аудандық сотының төрағасы, Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының апелляциялық сот алқасының төрағасы болып жұмыс істеген. 2012 жылы Қызылорда облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі апелляциялық сот алқасының төрағасы, 2016 жылы Маңғыстау облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі апелляциялық сот алқасының төрағасы болып тағайындалды.