14 қараша. Тұлғалар туған күн
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін, яғни 14 қараша күні тұлғалардан кімдер дүниеге келген? ҚазАқпарат оқырмандарына есімдер күнтізбесін ұсынады.
ЕСІМДЕР

Оңтүстік Қазақстан облысында туған. Мәскеу мал дәрігерлік академиясын, Алматы жоғары партия мектебін бітірген. Мал дәрігері, саясаттанушы. Экономика ғылымдарының кандидаты. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесі он екінші шақырылымының депутаты болып сайланған. Оңтүстік Қазақстан облысының Арыс қаласы, Созақ, Сайрам және Отырар аудандарының әкімі болып қызмет істеген. ҚР Парламенті Сенатының депутаты, Табиғатты пайдалану және ауылдық аумақтарды дамыту комитетінің мүшесі, Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің Парламентаралық Ассамблеясының. Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Құрама Корольдігінің Парламентімен, Жапония Кеңесшілер Палатасымен ынтымақтастық тобының мүшесі болды.
«Құрмет белгісі», «Құрмет», «Парасат» ордендерімен және бірнеше медальмен марапатталған.

Атырау облысы, Махамбет ауданында туған. 1991 жылы С.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін бітірген.
Прокуратура органдарындағы қызметін 1991 жылы бұрынғы Гурьев облысы Гурьев қалалық прокуратурасының тәлімгері болып бастаған. 1992-1994 - Атырау қаласы прокурорының көмекшісі. 1994-1999 – Атырау облыстық прокуратурасының бөлім прокуроры, бөлім аға прокуроры, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының сақталуын қадағалау бөлімінің бастығы. 1999-2002 – Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының әлеуметтік-экономикалық салада заңдылықты қадағалау бойынша департаментінің аға прокуроры, Арнайы прокурорлар және жедел-іздестіру қызметінің заңдылығын қадағалау департаментінің аға прокуроры. 2002-2012 - Батыс Қазақстан облысы Орал қаласының прокуроры, Атырау облысының Жылыой және Мақат ауданының және Атырау қаласының прокуроры. 2012-2016 – Жамбыл және Батыс Қазақстан облысы прокурорының орынбасары. 2016-2019 жылдары Қызылорда облысының прокуроры болды. 2019-2022 жылдары Атырау облысының прокуроры
Қазіргі қызметінде – 2022 жылдың шілдесінен.

Гурьев (Атырау) қаласында туған. 2005 - 2006 жылдары Томск мемлекеттік университетін «Қаржы және кредит» және «Лингвистика және мәдениетаралық коммуникация» мамандықтары бойынша тәмәмдаған. 2008 - 2010 жылдары Мичиган университетін «Қолданбалы экономика магистрі» дәрежесімен «Болашақ» халықаралық стипендиясы бойынша тәмамдаған. Президенттік жастар кадрлық резервінің мүшесі.
2005 жылы қыркүйек айынан бастап 2006 жылы ақпан айына дейін Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі Ішкі әкімшілік департаменті, Халықаралық қатынастар департаментінің жетекші маманы ретінде қызмет атқарған. 2007 жылы Жапонияның Қаржы министрлігінде экономикалық саясат бойынша екі айлық тағылымдамадан өткен. 2006 жылы ақпан айынан бастап 2010 жылы қазан айына дейін Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі Инвестициялық саясат және жоспарлау департаментінің сарапшысы және Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігі аталған департаментінің бас сарапшысы болып жұмыс істеген. 2010 жылы қараша айында Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігінің Стратегиялық жоспарлау және талдау департаменті Стратегиялық әзірлемелер басқармасының бастығы қызметін атқарған.
2010 жылы қараша - 2013 жылы ақпан айы аралығында Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Бюджет саясаты және жоспарлау департаменті, Бюджеттік жоспарлау және болжамдау департаменті директорының орынбасары болып жұмыс атқарған. 2013 жылы ақпан-маусым айлары аралығында Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Геология және жер қойнауын пайдалану комитеті төрағасының орынбасары лауазымында жұмыс істеген. 2013 жылы маусым - 2019 жылы сәуір айлары аралығында Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Стратегиялық әзірлемелер және талдау орталығы меңгерушісінің орынбасары, Әлеуметтік-экономикалық мониторинг бөлімі меңгерушісінің орынбасары қызметінде жұмыс атқарған. 2019 жылы сәуір айынан бастап 2021 жылы ақпан айына дейін Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасы Кеңсесінің Бөлім меңгерушісінің орынбасары қызметінде жұмыс атқарған. 2021 жылы ақпан айынан бастап 2022 жылы қаңтар айына дейін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министрі лауазымында жұмыс атқарған.
2022 жылы 11 қаңтардан бастап Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі болып тағайындалды.

Түркістан облысында туған.
М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін бітірген.
Еңбек жолын 2005 жылы «Қазкоммерцбанк» АҚ менеджері қызметінен бастаған. 2006 жылдан 2015 жыл аралығында банк жүйесі мен коммерциялық ұйымдарда жұмыс істеді. 2015 жылы ОҚО кәсіпкерлік, индустриалды-инновациялық даму және туризм басқармасында басшылық қызметтер атқарған. 2015-2016 жылдары — Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің кеңесшісі. 2016-2018 жылдары — ОҚО Ордабасы ауданы әкімінің орынбасары. 2018-2021 жылдары — Түркістан облысы Төлеби ауданының әкімі. 2021-2022 жылдары ҚР Президент Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы.
2022 жылғы 2 наурыздан бастап Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министрі.