14 қарашада елімізде өтетін маңызды оқиғаларға шолу

АСТАНА. ҚазАқпарат - «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігі 14 қараша күні елімізде болатын ең маңызды оқиғаларға шолу ұсынады.

14 қарашада елімізде өтетін маңызды оқиғаларға шолу

Астана

Ел ордасы Астанада негізгі шаралар таңертеңгі 9-00-де басталады. Атап айтқанда дәл осы уақытта «Hilton-Garden Inn» қонақ үйінде «Геолокация басымдығы: Орталық Азия жаһандық транзиттік орталық ретінде» деп аталатын халықаралық өңірлік конференция жұмысын бастайды.

Сағат 9-00-ден бастап кешкі 17-00-ге дейін «Рэдиссон» қонақ үйінде Африка елдері мен Қазақстанның үкіметтік және зерттеу институттары өкілдерінің арасында тәжірибе алмасуға бағытталған жаһандық симпозим өтеді. Шараның мақсаты - Африка елдеріне экономикалық құрылымдарына реформалауға көмек көрсету. Бұл жиынға кемінде 43 Африка елінің Үкіметінің өкілдері, зерттеу орталықтары мен өзге де даму институттарының мүшелері қатыспақ. Сондай-ақ, халықаралық жиынға ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Ержан Ашықбаев, БҰҰ Даму бағдарламасының Қазақстандағы тұрақты өкілінің орынбасапры Мунхтуя Алтангерел, БҰҰ ДБ Африка елдері жөніндегі өңірлік бюросының бас экономисі Айоделе Одусола қатысады деп күтілуде.

Ал сағат 09-30-да Ұлттық теннис орталығында 12 жасқа дейінгі балалар арасында Теннистен Қазақстан чемпионатының ашылу салтанаты ҚР Теннис федерациясының атқарушы директоры Юрий Польский мен аталған орталықтың директоры Қуандық Елжановтың қатысуымен өтеді.

Сағат 10-00-де Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен дәстүрлі сейсенбілік Үкімет отырысы болады. Отырыстың күн тәртібінде ауыл шаруашылығын мемлекеттік қолдаудың жетілдірудің одан арғы шаралары, электронды сауданы дамыту мәселесі, денсаулық сақтау саласын цифрландыр, сонымен қатар Оңтүстік Кореяның Пхенчхан қаласында өтетін 2018 жылғы 23-ші Қысқы Олимпиада ойындарына дайындық мәселелері бар. Айта кетерлігі, отырыстан кейін Үкіметтің баспасөз орталығына ауыл шаруашылығы министрлігінің өкілдері келіп, БАҚ тілшілерінің сауалдарына жауап беретін болады.

11-00-де Астаа қаласы әкімдігінің ғимаратында елордада тартымды сервис құру мәселелеріне арналған бірінші бизнес-семинар өткізу және ұйымдастыру жайы егжей-тегжейлі талқыланатын баспасөз мәслихаты межеленіп отыр.

Сағат 14-00-де The Ritz-Carlton, Astana қонақ үйінде Huawei инновациялық компаниясының «Цифрлы «Жібек жолы» жолын зерттеу отырып» деп аталатын түңғыш Орталық Азиядағы күні өтеді.

15.00-де ҚР Ұлттық академиялық кітапханасында ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі жанынадағы ҮЕҰ-лермен өзара іс-қимыл жөніндегі үлестіруші кеңестік отырысы болады.

Ал сағат 16-00-де еліміздің Ұлттық музейінде израильдік фотосуретші Дмитрий Брикманның «Иерусалим тек қана қала емес» деп аталатын бірінші көрмесінің ашылу салтанаты өтеді. Шараға Израиль Елшілігі мен еліміздің Мәдениет және спорт министрлігі қолдау көрсетіп отыр.

Сағат 16-20-да Орталық коммуникациялар қызметінде «Үлкен Еуразия-2027: конфронгтация немесе серіктестік» тақырыбында өткен Астана клубының үшінші отырысының қорытындысына арналған баспасөз мәслихаты болады. Оған ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы қорының атқарушы директоры Қанат Жұмабаев, Әлемдік экономика және саясат институтының директоры Ержан Салтыбаев және Астана клубының халықаралық қонақтары қатысады. 

Алматы

Бұл шаһарда сағат 10-00-де  Қазақ ұлттық аграрлық университеті жанындағы «Елбасы кітапханасы» орталығының ашылу рәсімі өтіп, одан ары «Қоғамдық сананы жаңғрыту: жастар көзқарасы» атты халықаралық ғылыми конференцияға ұласады.

Сағат 11-00-де ҚР Ұлттық кітапханасында «Bereke» қаржылық сауаттылық орталығының  салтанатты ашылуы болады. Айта кетерлігі, Ұлттық кітапхана мен «Айгүл Әбдірайымованың қаржылық сауаттылық мектебінің» бірлескен әлеуметтік-білім беру жобасы.

Сонымен қатар сағат 11-00-де Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің  Филология және әлем тілдері факультетінде ҚР ПРезиденті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Т.Әбдіковтің көркемдік әлемі» деп аталатын шара өтеді.

Өңірлер

Сағат 11-00-де Петропавлда СҚО бойынша өңірлік коммуникациялық қызметі алаңында «ҚР Ұлттық валютасы» тақырыбында брифинг ұйымдастырылады. Онда еліміздің Ұлттық банкінің Солтүстік Қазақстан облыстық филиалының директорф Мираш Жұмашев сөз сөйлейді.

Ал сағат 15-00-де Көкшетауда әлеуметтік журналистика бойынша тренинг өтеді.

Ал оңтүстік жұртшылығы бұл күнді «Рухани жаңғыру: береке басы - бірлік» бағдарламасы аясында Оңтүстік Қазақстан облысында шығарылатын тауарларды өңірдің ардагерлері мен зиялыларына таныстырудан бастамақ.  Шара сағат 9-00-де басталады деп жоспарланған.

Сонымен қатар  бұл өңірде  сағат 11-00-де Түркістандағы «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінде «15 қараша ұлттық валюта - теңге күніне» орай «Тәуелсіздік нышаны - төл теңге» тақырыбында көрме өтеді. Көрмеде Қазақ жеріндегі ақша айналымынан сыр шертетін жәдігерлер және музей қорында сақтауға алынған тәуелсіз Қазақстанның төл теңгелерінің үлгілері ел назарына ұсынылады.