14 қарашада елімізде өтетін маңызды іс-шаралар аңдатпасы
АСТАНА. KAZINFORM – Kazinform халықаралық ақпарат агенттігі ертең (14 қараша) Қазақстанда өтетін маңызды іс-шаралар аңдатпасын ұсынады.

АСТАНА
Сағат 10:00-де ҚР Парламенті Сенатының отырысы өтеді.
Сағат 10:00-де – «Жол қозғалысы қауіпсіздігі апталығы» республикалық акциясы аясында автошеру жоспарланған. Автошеруде эвакуаторлық апаттық автокөліктер мен арнайы билбордтары бар автобустар шеруі елорданың орталық көшелерімен жүріп өтеді.
Сағат 10:00-де «Astana HUB»-та «QAZDATATHON-2024» байқауының ақтық сыны өтеді.
Сағат 11:00-де Мәжілісте Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің тақырыптық отырысы басталады.
Сағат 11:30-да- ҚР Президенті жанындағы «Орталық коммуникациялар қызметі алаңында «Жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету» тақырыбында баспасөз мәслихаты жоспарланып отыр.
Сағат 14:30-да ҚСЗИ-де (Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты) екі елдің экономикалық, сауда және инвестициялық ынтымақтастығының перспективаларына, сондай-ақ білім берудегі, ғылымдағы, академиялық алмасу желісі бойынша өзара іс-қимылды тереңдетуге арналған семинар өтпек.
Сағат 16:00-де- ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ресми өкілінің кезекті брифингі жоспарда бар.
АЛМАТЫ
Сағат 11:00-де Jusan Vibe арт-кеңістігінде теңге банкноттары мен Ұлттық банктің коллекциялық және инвестициялық монеталарының көрмесі ашылады.