14 қыркүйекте Қазақстанда өтетін маңызды шараларға шолу

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚазАқпарат халықаралық ақпарат агенттігі 14 қыркүйекте Қазақстанда өтетін маңызды шараларға шолу ұсынады.

14 қыркүйекте Қазақстанда өтетін маңызды шараларға шолу

9.00-де «Пекин Палас» қонақ үйінде Ұлы Жібек жолының IV Тяньшань Форумы өтеді.

09.00-де Назарбаев университетінде Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Конрад Аденауэр атындағы қордың Қазақстандағы өкілдігі «Қазақстан мен Германияның интеграциялық саясаты. Салыстырмалы сараптама» тақырыбында халықаралық конференция өткізеді.

11.00-де №9 қалалық емханада Қазақстан Республикасының бас мемлекеттік санитпарлық дәрігері Жандарбек Бекшин тұмауға қарсы жаппай иммундау науқанының басталуы туралы брифинг өткізеді.

11.00-де «Нұр Отан» партиясының Астана қалалық филиалы ғимаратында «Кенесары хан сарбаздары» жастар клубының таныстырылымы өтеді.

11.00-де «Зүбәржат орамы» бизнес-орталығында «Атамекен» ҚР ҰКП Кәсіпкерлердің құқығын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңестің отырысы өтеді.

15.00-де Sputnik Қазақстан мультимедиалық баспасөз орталығында Астана қаласында тіркеу науқанының басталуы туралы брифинг өтеді.

16.00-де Қазақ Ұлттық Өнер Университетінің Ж. Жабаев атындағы залында ректор Айман Мұсақожаеваның 2017-2018 оқу жылындағы ҚазҰӨУ қызмет нәтижелері туралы жылдық қорытынды есебі өтеді.

17.30-да Forte Bank бас кеңсесінде «StartupWeekend: қауіпсіз қала» байқауының басталуына арналған баспасөз мәслихаты өтеді.

АЛМАТЫ

9.00-де «Royal Tulip Almaty» қонақ үйінде «Салық даулары: тәжірибе мен жетілдіру жолдары» тақырыбында конференция басталады.

10.00-де «SmArt Point» аумағында «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасын жүзеге асыру аясында «Алматы мен Алматы облысын цифрландыру күні» шарасы өтеді.

10.00-де Қазақстан Республикасының Фтизиопульмонология Ұлттық ғылыми орталығына баспасөз туры өтеді.

11.00-де ҚР БҒМ Ғылым комитеті Экономика институтында С.Е. Толыбековтың «XV - ХХ ғасырдың басындағы қазақтардың көшпелі қоғамы (саяси-экономикалық зерттеу)» және Г. Чуланованың «Социалистік құрылыс жылдарындағы Қазақстан экономикасы: бастапқы деңгей және өзгеріс кезеңдері» кітаптарының тұсаукесері өтеді.

11.00-де Орталық мәдениет және демалыс саябағында саябақтар фестивалі өтеді.

11.00-де Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде Қазақстан халқы тілдерінің күніне арналған «Қазақстан - ортақ шаңырағымыз» фестивалі өтеді.

11.30-да Алматы қаласының Өңірлік коммуникациялар қызметінде «Әлеуметтік төлемдер көлемінің ұлғаюына байланысты Алматыда атқарылған жұмыстар нәтижесі» тақырыбында баспасөз мәслихаты өтеді.

12.00-де ҚР Мемлекеттік академиялық би театрында Қазақстанның халық әртісі, әлемдік мәдениетке қосқан үлесі үшін Халықаралық Сократ сыйлығының лауреаты Аюханов Болат Ғазизұлының 80 жылдық мерейтойы мен ҚР Мемлекеттік академиялық би театрының 50 жылдығына арналған баспасөз конференциясы өтеді.

16.00-де С. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-да университет пен «Такеда Қазақстан» ЖШС арасындағы меморандумға қол қою рәсімі өтеді.

ШЫМКЕНТ

15.00-де Түркістан облыстық кәсіподағында кәсіподақ жанынан «Профтур» туристік орталығы ашылады. Ендігі кезекте бюджет саласының өкілдері шипажайларға жолдамаларды қосымша ақысыз брондап және сатып ала алады. Орталық мамандары өтініш берушілерге тегін кеңес беріп, шипажай-курорттық мекемелерінде көрсетілетін қызмет түрлері бойынша толық ақпарат ұсынатын болады.

9.00-де «Айдана- плаза» қонақ үйінде Қазақстандағы тұңғыш «Орта азиялық Паркинсон ауруы және қозғалыстың бұзылысы» конференциясы өтеді. Оған Барселона, Ұлыбритания, Түркия, Грузия және басқа да алыс-жақын шет мемлекеттерден арнайы шақырылған сала мамандары қатысады.

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ

10-00-де ХҚТУ Мәдениет сарайында «Қазақстан» ұлттық арнасы мен «Ontustik» телеарнасының жаңа маусымдық бағдарламаларының таныстырылымы өтеді.

11-00-де ХҚТУ Мәдениет сарайында Қазақстан халқының тілдері мен мәдениеті және салт-дәстүрі күні мерекесіне арналған «Мәңгілік елдің - мәңгілік тілі» мерекелік іс-шарасы өтеді.