14 мамырға арналған ауа райы болжамы - Қазгидромет
АСТАНА. ҚазАқпарат - 14 мамыр күні Қазақстанның басым аумағына циклонның ықпалы сақталады, сонымен байланысты кей жерлерде жаңбыр жауып, найзағай болады, желдің күшеюі күтіледі. Бұл туралы Қазгидромет хабарлады.
Алматы, Жамбыл, Қостанай, күндіз Ақмола, Оңтүстік Қазақстан, Қарағанды облыстарында желдің 15-20 м/с дейін күшеюі күтіледі. Маңғыстау, Атырау, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі. Қарағанды облысында 1 градус салқын болады.