14 маусым. Тұлғалар туған күн

Бүгін, 1 қазан күні тұлғалардан кімдер дүниеге келген? ҚазАқпарат оқырмандарына есімдер күнтізбесін ұсынады.
Фото: ҚазАқпарат ХАА

Бүгін, 14 маусым күні тұлғалардан кімдер дүниеге келген? Kazinform оқырмандарына есімдер күнтізбесін ұсынады.

ЕСІМДЕР

50 жыл бұрын (1973) Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар вице-министрі Бауыржан Мәдіұлы СЫЗДЫҚОВ дүниеге келді.

СЫЗДЫКОВ Бауыржан Мадиевич
Фото: ҚР ТЖМ

Шымкент (қазіргі Түркістан) облысында туған. 2000 жылы Қазақ Мемлекеттік медициналық университетін бітірген, гигиенист-эпидемиолог дәрігері, 2010 жылы Ресей Федерациясы Төтенше жағдайлар министрлігінің Азаматтық қорғау академиясын бітірген, «командалық-штабтық оперативті-тактикалық азаматтық қорғаныс» мамандығы бойынша басқару саласындағы маманы, 2019 жылы Мәскеу қаласындағы «Синергия» Мәскеу қаржы-өнеркәсіп университетін бітірген, Құқықтану магистрі.

Еңбек жолы: 2001-2005 жылдары Оңтүстік Қазақстан облысы ТЖ басқармасы табиғи және техногендік төтенше жағдайлардың алдын алу, аумақты және халықты қорғау бөлімінің аға офицері, 2005-2006 жылдары Оңтүстік Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаменті аумақты және халықты қорғау, азаматтық қорғаныс бөлімінің аға офицері, 2006-2008 жылдары Оңтүстік Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаменті аумақты және халықты қорғау, азаматтық қорғаныс бөлімінің бастығы, 2008-2010 жылдары Оңтүстік Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаменті азаматтық қорғаныс басқармасы халықты және аумақты қорғау бөлімінің бастығы, 2010-2012 жылдары ҚР ТЖМ Азаматтық қорғаныс департаменті халық пен аумақты қорғау басқармасының бастығы қызметінде болды. 2012-2014 жылдары ҚР ТЖМ Ақтөбе облысы ТЖД бастығының орынбасары, 2015-2019 жылдары ҚР ІІМ ТЖ комитеті Ақтөбе облысы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы, 2019-2020 жылдары Нұр-Сұлтан қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы, 2020-2023 жылдары ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі Азаматтық қорғаныс және әскери бөлімдер комитетінің төрағасы лауазымын атқарған.

2023 жылдың қыркүйегінен бастап қазіргі қызметінде.

«Айбын» орденімен, «Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне 10 жыл» «Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне 20 жыл» меретойлық медалдарымен, «Оқуда ерекше жетістіктері үшін», III дәрежелі «Мінсіз қызметі үшін» медалдарымен; «Төтенше жағдайлар жүйесін дамытуға қосқан үлесі үшін» төсбелгісімен, «Төтенше жағдайлардың алдын алуда және жоюда үздік шыққаны үшін» медалімен марапатталған.

42 жыл бұрын (1982) ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, ҚР Парламенті Мәжілісі Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің төрағасы Асхат Қанатұлы АЙМАҒАМБЕТОВ дүниеге келді.

АЙМАГАМБЕТОВ Асхат Канатович
Фото: Адлет Беремкулов/ Kazinform

Қарағанды облысында туған. 2003 жылы Е.Бөкетов атындағы ҚарМУ тарих факультетін «тарихшы, тарих мұғалімі» мамандығы бойынша тәмамдаған. 2006 жылы Қарағанды «Болашақ» актуалды білім беру институтының заң факультетін «құқықтану» мамандығы бойынша аяқтаған.

Еңбек жолын 2002 жылы Е.Бөкетов атындағы ҚарМУ-ден бастаған, 2004-2005 жылдары «Аңсар» жастар лигасы» ҚБ төрағасы болған, 2005-2006 жылдары «МЕДИА СП» ЖШС директоры, 2006-2012 жылдары Е.Бөкетов атындағы ҚарМУ саясаттану және әлеуметтану кафедрасының оқытушысы, аға оқытушысы, доценті ретінде қызмет атқарған. 2012-2014 жылдары Нұра ауданы әкімінің әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасары, 2014-2017 жылдары Қарағанды облысы білім беру басқармасының басшысы лауазымында болды. 2017-2019 жылдары ҚР білім және ғылым вице-министрі, 2019 жылы Қарағанды облысы әкімінің орынбасары, 2019-2022 жылдары ҚР Білім және ғылым министрі, 2022-2023 жылдары ҚР Оқу-ағарту министрі болды. 2023 жылы М.С. Нәрікбаев атындағы Қазақ гуманитарлық заң университетінің оқытушысы қызметінде болды.

Қазіргі лауазымында 2023 жылғы наурыздан бастап.

Соңғы жаңалықтар