14 маусым күні елордада өтетін маңызды шаралар аңдатпасы

АСТАНА. ҚазАқпарат – «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігі 14 маусым күні Астанада өтетін мәдени және қоғамдық маңызды шаралар аңдатпасын ұсынады.

14 маусым күні елордада өтетін маңызды шаралар аңдатпасы

10.00-де Парламент Мәжілісінің жалпы отырысы басталады.

11.00-де «Астана қаласы Коммуникациялар қызметінде «Мүгедектігі бар балалар мен ересектерге арнаулы әлеуметтік қызметтердің көрсетілуі туралы» онлайн брифинг өтеді. Спикер: Астана қаласы Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы басшысының орынбасары міндетін атқарушы Азамат Оспанов. Онлайн баспасөз конференциясы «Астана қаласы коммуникациялар қызметінің» Facеbook-тегі facebook.com/rsk.astana01 және Instagram-дағы instagram.com/rsk.astana ресми парақшаларында тікелей эфирде өтеді.

14.00-де «Qazaqstan» жеңіл атлетика кешенінде «Grand Prix Astana» садақ атудан II халықаралық турнирдің ашылуы рәсімі өтеді.

15.00-де «Qazaqstan» жеңіл атлетика кешенінде OLYMP URBAN CULTURE.KZ брейк және скейтбординг бойынша болашақ Олимпиада чемпиондарының киім үлгісін әзірлеуге арналған халықаралық жарыс туралы баспасөз мәслихаты өтеді.

15.00-де «Ақ жол» партиясында «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» ҰАҚ қызметі жөніндегі дөңгелек үстел өтеді. Дөңгелек үстел жұмысына «Ақ жол» фракциясының депутаттары, қор басшылығы, құзырлы мемлекеттік органдар мен кәсіпкерлер қатысады.

16.00-де Астана қаласы мәслихатының әлеуметтік-мәдени даму мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының отырысы өтеді.

19.00-де Astana Opera театрында «Гүлденген дала» концерті өтеді.

19.00-де Жастар театрында «Ұйқым келмейді» музыкалық моноспектаклі көрсетіледі.