14 млн. астам теңгені жымқырған Е.Данилова БАӘ-ден Қазақстанға экстрадицияланды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының сұрауы бойынша Біріккен Араб Әмірліктерінен «Қазақстан менеджмент, экономика және болжау институты» АҚ-ның бұрынғы бас бухгалтері Елена Данилова экстрадицияланды. Ол 14 миллионнан астам теңгені ұрлады деп айыпталуда.
None
None

Бұл туралы Бас прокуратураның баспасөз қызметінен хабарлайды.

Тергеу барысында Данилованың Қазақстаннан тыс жерде жасырынып қалуына байланысты, ол Интерпол желісі бойынша іздеуге жарияланды.

Іздестіру шараларының нәтижесінде 2011 жылдың мамырында Данилованың Біріккен Араб Әмірліктерінің аумағында жүргені анықталды. Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы оны беру туралы сұрату жолдады.

2013 жылы Біріккен Араб Әмірліктерінің Әділет министрлігі күдіктіні қылмыстық жауапкершілікке тарту үшін Қазақстанға экстрадициялау туралы шешім шығарған болатын.

Біріккен Араб Әмірліктерінде Данилованың мүдделерін бір топ адвокат қорғады және олар күдіктіні қайтару туралы қазақстандық сұратуды қанағаттандырудан бас тартуға қол жеткізбекші болды. Олардың шағымдары бойынша Қазақстанның Бас прокуратурасы арабтар тарапына бірнеше рет қосымша материалдар ұсынды.

Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы, Интерпол бюросының Ұлттық орталығы, Ішкі істер министрлігі және өзге де мүдделі ведомстволардың үйлесімді жұмысының нәтижесінде Е.Данилова Әбу-Дабиден Алматыға әуе рейсімен жеткізіліп, уақытша ұстау оқшаулағышына қамауға алынды.

Соңғы жаңалықтар