14 наурыз күні Астанада қандай маңызды оқиғалар болады

анонс
Фото: Kazinform
АСТАНА. KAZINFORM — Kazinform агенттігі 14 наурызда Қазақстанда болатын маңызды оқиғалардың анонсын ұсынады.

10.00-де Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының отырысы өтеді.

10.00-де Мәжілісте Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің Қазақстан экономикасына шетелдік инвестицияларды тарту мәселесіне арналған кеңейтілген тақырыптық отырысы өтеді.

10.00-де Астана қалалық коммуникациялар қызметінің баспасөз мәслихаты. Тақырыбы: Дүниежүзілік тұтынушылардың құқықтарын қорғау күні: тұтынушылардың құқықтары және оларды қорғау.

11.00- де «Қазақстандағы қалдықтарды өңдеу саласының болашағы. ESG принциптерін кәсіпорын тәжірибесіне біріктіру» тақырыбында баспасөз мәслихаты. Өтетін орны: Park Inn by
Рэдиссон, Сары-Арқа даңғылы, 8.

14.30-да ҚР Президентінің жанындағы «Орталық коммуникациялар қызметі» РМУ баспасөз конференциясы. Тақырыбы: «Аймақтардағы су тасқыны кезеңінің алдын алу туралы ақпарат».

Жиынды мынау сілтеме арқылы көруге болады. 

Соңғы жаңалықтар