14 сәуір. Туған күн иелері

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін, яғни 14 сәуірде тұлғалардан кімдер дүниеге келген? ҚазАқпарат оқырмандарына есімдер күнтізбесін ұсынады.
None
None

ЕСІМДЕР

55 жыл бұрын (1967) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Әуе қорғанысы күштері Әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлерінің қолбасшысы Қайрат Әнуарбекұлы САДЫҚОВ дүниеге келді.

Шығыс Қазақстан облысында туған. Орынбор Жоғары зенитті-зымыран командалық училищесін, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университеті жанындағы академиялық курстарды, Д.Қонаев атындағы университетті «заңгер» мамандығы бойынша бітірген. Еңбек жолы: Әуе қорғанысы күштері бас қолбасшысының тәрбие және идеологиялық жұмыстар жөніндегі орынбасары, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Әуе қорғанысы күштері тәрбие және идеологиялық жұмыстар жөніндегі бас басқармасының басшысы болды. 2019 жылдың мамыр айынан бастап қазіргі қызметінде.

II дәрежелі «Айбын», «Жауынгерлік ерлігі үшін» ордендерімен және мерейтойлық медальдармен марапатталған.

39 жыл бұрын (1983) Креативті индустрияларды дамыту жөніндегі жобалық кеңсенің басшысы Данат Есболұлы ЖУМИН дүниеге келді.

Қостанай облысында туған. 2006 жылы Л.Н.Гумилев атындағы Евразия ұлттық университетін «саясаттанушы», 2009 жылы АҚШ Монтана университетін «мемлекеттік басқару магистрі» мамандығы және 2017 жылы АҚШ Гарвард бизнес мектебін жоғары басшыларды даярлау бағдарламасы бойынша бітірген. 2003-2007 жылдары Қазақстан жастар конгресінің атқарушы директоры. 2009-2011 жылдары ҚР Президенті жанындағы мемлекеттік басқару академиясының дипломатия институты ректорының кеңесшісі, директордың орынбасары. 2011-2013 жылдары Астана қаласындағы «Apex Consult» ЖШС бас директоры. 2013-2014 жылдары «Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ хатшылығының басшысы, басқарма төрағасының кеңесшісі. 2014-2016 жылдары «Қазақстан 2050» жалпыұлттық қозғалысы кеңесінің төрағасы. 2016-2017 жылдары Шымкент қаласы әкімінің штаттан тыс кеңесшісі. 2017-2018 жылдары «Нұр Отан» партиясы орталық аппаратында саяси жұмыстар департаментінің директоры қызметтерін атқарған. 2018-2019 жылдары - Шымкент қаласы әкімінің орынбасары. 2019-2021 жылдары – Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесі басшысының орынбасары.

2021 жылдың наурыз айынан бастап қазіргі қызметінде.


Соңғы жаңалықтар