14 сәуірде өтетін маңызды шаралар аңдатпасы

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «ҚазАқпарат» Халықаралық ақпарат агенттігі 14 сәуір күні елордада өтетін маңызды шаралар аңдатпасын ұсынады.
None
None

НҰР-СҰЛТАН

9.00-де Marriot қонақ үйінде Әзірбайжан, Армения, Грузия, Қазақстан, Корея, Қырғызстан, АҚШ, Тәжікстан және Өзбекстан өкілдерінің қатысуымен цифрландыру мәселелері бойынша өңірлік конференция өтеді.

10.00-де ҚР Парламенті Сенатының жалпы отырысы басталады.

10.00-де Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының құрылыс, экология, көлік, сауда және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның отырысы өтеді.

11.00-де Нұр-Сұлтан қаласы полиция департаментінің жедел басқару орталығы брифинг ұйымдастырады.

14.30-да ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде «Қазақстандағы онкологиялық көмек көрсетудің қолжетімділігін қамтамасыз ету» атты баспасөз мәслихаты өтеді. Спикерлер: Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институтының басқарма төрағасы, ҚР ДСМ штаттан тыс бас онкологы. Онкологтар қауымдастығының президенті Диляра Қайдарова, Медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті директорының орынбасары Гүлнар Жанғарашева, «Ұлттық ғылыми онкологиялық орталық» ЖШС басқарма төрағасы Гүлнар Құлқаева, Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің көпсалалы медициналық орталығының директоры, Нұр-Сұлтан қаласының бас онкологы Мұхтар Төлеутаев. Көрсетілім сілтемелері: https://www.youtube.com/user/ortcomkz, https://ru-ru.facebook.com/ortcomkz.

15.00-де Астана Халықаралық университеті мен «Астана» Дипломатиялық клубында дипломатиялық мектептің ресми ашылуы өтеді. Осы кездесуде меморандумға қол қою рәсімі өткізіледі.

15.00-де КАЗГЮУ университетінде «Ұрпақтар теориясы және тиімді бизнес-коммуникациялар» тақырыбында сараптамалық кездесу өтеді.

16.00-де «Мәскеу» бизнес орталығының мәдени-ойын-сауық бөлігінде «Сергей Калмыковтың айрықша әлемдері» атты көрмесі ашылады.

19.00-де Қ. Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық-драма театрында «Алтайдан ауған ел» тарихи драмасы көрсетіледі.

19.00-де Нұр-Сұлтан қаласы филармониясының концерт залында «Вокалды және инструменталды музыка кеші» өтеді.

19:30-да Қазақстан Орталық концерт залында «Astana musical» театры ағылшын драматургі Рэй Кунидің «№ 13» комедиясын ұсынады.


Соңғы жаңалықтар