14 сәуір. Тұлғалар туған күн
Бүгін, 14 сәуір күні тұлғалардан кімдер дүниеге келген? Kazinform оқырмандарына есімдер күнтізбесін ұсынады.

ЕСІМДЕР
58 жыл бұрын (1967) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Әуе қорғанысы күштері Бас қолбасшысы дирекциясының бірінші орынбасары – штаб бастығы Қайрат Әнуарбекұлы САДЫҚОВ дүниеге келді.
Шығыс Қазақстан облысында туған. Орынбор Жоғары зенитті-зымыран командалық училищесін, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университеті жанындағы академиялық курстарды, Д.Қонаев атындағы университетті «заңгер» мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолы: Әуе қорғанысы күштері бас қолбасшысының тәрбие және идеологиялық жұмыстар жөніндегі орынбасары, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Әуе қорғанысы күштері тәрбие және идеологиялық жұмыстар жөніндегі бас басқармасының басшысы болды.
2023 жылдан бастап қазіргі қызметінде.
II дәрежелі «Айбын», «Жауынгерлік ерлігі үшін» ордендерімен және мерейтойлық медальдармен марапатталған.
42 жыл бұрын (1983) Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университетінің директорлар кеңесінің төрағасы Данат Есболұлы ЖУМИН дүниеге келді.

Қостанай облысында туған. 2006 жылы Л.Н.Гумилев атындағы Евразия ұлттық университетін «саясаттанушы», 2009 жылы АҚШ Монтана университетін «мемлекеттік басқару магистрі» мамандығы және 2017 жылы АҚШ Гарвард бизнес мектебін жоғары басшыларды даярлау бағдарламасы бойынша бітірген.
Еңбек жолы: 2003-2007 жылдары Қазақстан жастар конгресінің атқарушы директоры, 2009-2011 жылдары ҚР Президенті жанындағы мемлекеттік басқару академиясының дипломатия институты ректорының кеңесшісі, директордың орынбасары, 2011-2013 жылдары Астана қаласындағы «Apex Consult» ЖШС бас директоры, 2013-2014 жылдары «Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ хатшылығының басшысы, басқарма төрағасының кеңесшісі, 2014-2016 жылдары «Қазақстан 2050» жалпыұлттық қозғалысы кеңесінің төрағасы, 2016-2017 жылдары Шымкент қаласы әкімінің штаттан тыс кеңесшісі қызметін атқарған. 2017-2018 жылдары «Нұр Отан» партиясы орталық аппаратында саяси жұмыстар департаментінің директоры, 2018-2019 жылдары Шымкент қаласы әкімінің орынбасары, 2019-2021 жылдары ҚР Премьер-Министрі Кеңсесі басшысының орынбасары, 2021-2022 жылдары Креативті индустрияларды дамыту жөніндегі жобалық кеңсенің басшысы, 2022 жылы Barakat Partners серіктесі, ҚР премьер-министрінің креативті экономика жөніндегі штаттан тыс кеңесшісі лауазымын атқарған.
Қазіргі қызметін 2024 жылдың ақпанынан бастап атқарып келеді.
41 жыл бұрын (1984) ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің Архив, құжаттама және кітап ісі комитетінің төрағасы Рустам ӘЛИ дүниеге келді.

Алматы облысында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін, І. Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетін бітірген.
Еңбек жолын 2006 жылы «Деловая неделя» газетінде тілші болып бастаған. 2006-2011 жылдары «Деловая неделя» газетінде тілші, редактор, бас редактордың орынбасары, 2011-2012 жылдары «Жетісу жастары» жастар орталығы» МКҚК директоры, 2012 жылы Алматы облысы жастар саясаты орталығының директоры, 2012 жылы Алматы облысы Қайнарлы ауылдық округінің әкімі, 2012-2016 жылдары Алматы облысы жастар саясаты мәселелері басқармасының бастығы, басшысы, 2016-2020 жылдары Алматы облысы ішкі саясат басқармасының басшысы болып жұмыс істеді. 2020-2021 жылдары Алматы облысы әкімінің орынбасары, 2021-2022 жылдары Алматы облысы Ескелді ауданының әкімі, 2022-2024 жылдары Жетісу облысы әкімінің орынбасары қызметін атқарған.
2024 жылдың қаңтар айынан бастап қазіргі қызметінде.
«Қазақстан Конституциясына 20 жыл» (2015), «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 25 жыл» (2016), «Ерен еңбегі үшін» (2018), «Қазақстан мәслихатына 25 жыл» (2019) медальдарымен марапатталған.
36 жыл бұрын (1989) Алматы қаласы Туризм басқармасы басшысының орынбасары Ақмарал Нұрашқызы ЕЩАНОВА дүниеге келді.

Алматы облысында туған. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін бітірген.
Еңбек жолы: 2011-2015 жылдары Алматы қаласы Туризм басқармасы Заңгерлік және ұйымдастыру кадр жұмысы бөлімінің бас маманы, 2015-2017 жылдары Алматы қаласы Туризм басқармасының туризмді дамыту бөлімінің бас маманы, 2017 жылы Алматы қаласы Туризм және сыртқы байланыстар басқармасының туристік өнімді ілгерілету бойынша маркетинг бөлімінің бас маманы, 2017-2019 жылдары Алматы қаласы Туризм және сыртқы байланыстар басқармасының турістік өнімді қалыптастыру және маркетинг бөлімінің бас маманы болып қызмет атқарған. 2019- 2022 жылдары Алматы қаласы Туризм басқармасының туризмді ілгерілету бөлімінің бас маманы, 2022-2023 жылдары Алматы қаласы Туризм басқармасы туризмді ілгерілету бөлімінің басшысы лауазымын атқарды.
Қазіргі қызметін 2023 жылдың маусым айынан бастап атқарып келеді.