14 тамызда республиканың басым бөлігінде күн райы ашық болады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанның басым бөлігінде күн райы ашық болады, елдің батысында және оңтүстік-шығыстағы таулы аудандарында ғана атмосфералық ағындардың өтуімен найзағай ойнап, өткінші жаңбыр жауады. Кей жерлерде тұман түседі, жел күшейеді, оңтүстікте шаңды дауыл көтеріледі.

14 тамызда республиканың басым бөлігінде күн райы ашық болады

«Қазгидромет» РМК ақпараты бойынша, Жамбыл, Батыс Қазақстан, күндіз Шығыс Қазақстан облыстарында кей жерлерде жаңбыр 15-20 м/с-қа дейін күшейеді.

Оңтүстік Қазақстан, күндіз Қызылорда, Атырау облыстарында кей жерлерде шаңды дауыл көтеріліп, жел 15-20 м/с-қа дейін күшейеді.

Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарында кей жерлерде тұман түседі.

Күндіз Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан облыстарында, Қостанай, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде аптап ыстық болады.

Атырау, Қызылорда, облыстарында, Ақтөбе, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл облыстарының кей жерлерінде төтенше өрт қаупі сақталады.