14 жасар Ахмади Мақанов Қытайдағы турнирдің жеңімпазы атанды
АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстандық теннисші, 14 жастағы Ахмади Мақанов Қытайдың Чэнду қаласында мәресіне жеткен ITF World Tennis Tour Juniors J60 турнирінде озық шықты.
Ахмади финалда Қытай Тайбэйінің өкілі К.Маодан басым түсті. Тартысты өткен матчта А.Мақанов 6:2, 6:4 есебімен жеңіске жетті.
А.Мақанов 2025 жылдың қорытындысы бойынша Еуропа теннис қауымдастығының (Tennis Europe Tour) беделді «Жылдың үздік шетелдік ойыншысы» марапатына ие болған еді.
Тағы бір қазақстандық, WTA рейтингісінде 1 465-орында тұрған Сандуғаш Кенжебаева жұптық сында Луан (Қытай) ITF W15 турнирінің финалына дейін жетті.
Қазақстандық спортшы ресейлік Мария Калякинамен бірге финалда қытайлықтар Чэнь Ижу – Ма Жосимен чемпиондық атаққа таласты.
Соңғы бәсекеде қазақстандық-ресейлік жұп 5:7, 6:4, 9:11 есебімен есе жіберді.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Сандуғаш Кенжебаеваның Қытайдағы турнирдің финалына шыққанын жазған едік.
Сондай-ақ қазақстандық теннисшілер Испаниядағы жарыста үздік шықты.